Америкалық психологтар адам баласы үшін ең басты қауіпті атады
Америкалық Бригима Янга университетінің ғалымдары жалғыздық пен әлеуметтік оқшаулану адамға семіздіктен де жоғары қауіп төндіретінін жариялады.
Олардың айтуынша, осындай қиындықтар жыл сайын өсіп, ұлттық проблемаға айналып бара жатыр. Сарапшылардың сөзінше, адамдардың бір-бірімен араласуы, сөйлесуі олардың тіршілігі үшін ең маңызды нәрсе болып саналады.
Қазіргі таңда 45 жастан асқан 42,6 миллион америкалық жалғыз күн кешіп жатыр екен. Мамандардың айтуынша, әр елдегі денсаулық сақтау саласының басшылығы әлеуметтік байланыстардың адам өмірі мен денсаулығына тигізер әсерін есептеуі тиіс. Сондай-ақ, адамдардың бір-бірімен жиі араласуына мүмкіндік беретін демалыс орындарын көптеп салу да маңызға ие.
Оқи отырыңыз:
Екіқабат дәрігер өзге емделушіні босандырып, 5 минуттан соң өзі де қызын өмірге алып келді
Ғалымдар: 2050 жылға қарай көзі көрмейтін адам саны 3 есеге артады
СҚО дәрігерлері рактың бастапқы белгілерін анықтайтын мобильді қосымша ойлап тапты