Америкалық дәрігер клиентіне цемент пен суперклейді араластырып инъекция жасаған
Өзін пластикалық хирургпін деп таныстырған әйел емделушісінің терісіне цемент пен минералды майды араластырып инъекция жасаған.
Алайда қыздың денсаулығы ондай ауыр ем-домды көтермей, қайтыс болады.
Жалған хирург төңірегіндегі дау 2011 жылы көтерілген. Флорида штатының тұрғынына қатысты клиенттердің бірі шағым айтқан екен. Қыз өзінің бөксесінің формасын өзгерткісі келген. Сол кезде “дәрігер” оған цемент пен жыртылған көлік дөңгелегін жамау үшін пайдаланатын минералды май өнімін араластыра отырып дәрі еккен. 700 долларға бағалаған “операциядан” кейін клиенттің денсаулығында инфекция күшейіп, ауыра бастайды.
Раджи Наринесингх есімді клиент те бет-әлпетін өзгертіп, ерінін үлкейту үшін алаяқ дәрігердің көмегіне жүгінеді. Алайда лицензисы жоқ хирургке төлем жасаудан бас тартқан. Бірақ, ота нәтижесі ұнамаған соң қайтадан бастапқы қалыпқа келу үшін ақша береді. Әйтседе, оның беті бәрібір сол өзгермеген күйінде қалды.
Сот отырысында судъя алаяқ дәрігерді 10 жылға бас бостандығынан айырды.
Оқи отырыңыз:
Пәкістанда тек әйелдерге арналған такси жұмыс бастады (фото)
Қаңғыбастың азық-түлігіне ақша төлеп берген полицей жұмыстан қуылуы мүмкін
Ер адам баласын аңдимын деп әйелінің бөтен еркекпен секспен айналысқанын байқап қалды (видео)
Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітінде намаз оқып тұрған азамат сәждеде көз жұмды (фото)