Америкалық әйел: Димашқа дейін Қазақстан мемлекеті туралы мүлдем білмедім
Димаш Құдайбергеновтың америкалық тыңдарманы оның қазақ азаматы екенін біліп қатты таңқалғанын жеткізді. Ол, тіпті, осы уақытқа дейін Қазақстан мемлекеті туралы білмеген екен.
Бұл туралы “Таңшолпан” бағдарламасында айтылды.
Күні кеше Астана қаласында Димаштың жанкүйерлері бас қосып, оның отбасымен тілдесу мүмкіндігіне ие болды. Ауқымды кешке Қытай, Украина, Ресей, Жапония, Корея және Америка сынды мемлекеттерден тыңдармандар келген. Оларға арналып дастархан жайылып, ұлттық тағамдар әзірленді. Әншінің өзі болмаса да, достары келіп өнер көрсетті. Алыстан келген тыңдармандардың бірі – 58 жастағы Алиса ханым.
“Маған құрбым Димаштың әнін тыңдатты. Содан бері мен оның өнеріне ғашық болдым. Астанаға сол үшін келіп отырмын. Осы уақытқа дейін мен Қазақстан туралы мүлдем білмеппін. Димаштың қазақ азаматы екеніне таңқалдым. Қазір қазақ елінің мәдениетімен танысып жатырмын. Әншімен кездесу бақыты бұйырды. Ол мен ойлағандай тамаша жан екен”, – дейді Алиса ханым.
Мұнымен қатар, Жапония елінен келген тыңдарманы Ирико Уако әлі күнге дейін Димаш туралы ақпарат жинап жүргенін айтады. Бірақ, бұған тіл білмеуі кедергі болып жүр екен.
“Мен Димаштың шығармашылығымен наурыз айында таныстым. Содан бері ол туралы ақпараттар жинап жүрдім. Әлемде осындай әншінің бар екенін білмеппін. Ол ерекше таңғажайып дауыстағы әнші. Жапон халқы оған қызығушылық танытуда. Ол туралы ақпаратпен танысуыма тіл білмегенім кері әсерін тигізді. Өйткені, бізде ағылшынша, қытайша, орысша, қазақша сөйлемейді”, – дейді Ирико Уако.
Жіберіп алмаңыз:
Әбдіжаппар Әлқожа жаңа клипін Iphone ұстап, Instagram-да отыратын қыздарға арнады (видео)
Сәбит Әбдіхалықов: Мен Алтынайды емес, Алтынай мені тастап кетті
Рахман Омар өзін “екі әйел алған” деп сынайтындарға жауап берді
Бағлан Әбдірайымов көп әйел алуды заңдастыру керектігін айтты