Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалықтар Атырауда қазақтың салтымен үйлену тойын өткізді (видео)

Фото: Видеодан скрин

АҚШ-тан келген жұп, бір жылдан бері Атырауда тұрып жатқан, қазақтың ұлттық дәстүрлеріне сай үйлену тойын өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жас жұбайлар үйлену тойын дәстүрлі қазақи нақышта атап өтуді жөн көріп, қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылды. Қазақ музыкасы шырқалды, ал тойдың өзі кәдімгі қазақтың тойындай өтті.

Кештің ең әсерлі сәті күйеу жігіт Джектің орындауындағы танымал әнші Айқынның "Асылым" әні болды. Оның жүрек тебірентерлік орындауы қонақтардың ыстық ықыласына ие болып, әлеуметтік желілерде де кеңінен тарады. TikTok-та жарияланған бейне мыңдаған қаралым мен пікір жинап үлгерді.

Желі қолданушылары бұл жұптың қазақ мәдениетіне деген құрметіне және шынайы ықыласына тәнті болды. Бұл үйлену тойы мәдениеттер тоғысының көрінісіне айналып, көптеген адамдарға шабыт берді.


"Димашпен кездесіп, онымен дуэт орындауды қалайды": Қазақстандықтарды әнімен сүйсіндірген 8 жасар алматылық арманын айтты


Желіде дүкенге барып сатушылармен сөйлесу арқылы қазақ тілін үйреніп жүрген азамат жұртты тәнті етті


Еске салайық, бұған дейін чилилік мейірбике Андреа Луенго домбыраны өз бетімен үйреніп, желі қолданушыларын таңғалдырды. Ол қазақтың ұлттық аспабына Димаш Құдайбергеннің өнерін көргеннен кейін қызыққан. Домбыраны Чилиге арнайы тапсырыспен алдыртқан. Андреа Димаштың концерті үшін Қазақстанға келіп, Алматыны Сантьягомен салыстырған. Ендігі арманы Димашпен кездесіп, қазақ тілін меңгеру екен.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 25 Маусым, 2025 10:27
Талқылау