Америкалық отбасы асырап алған қарағандылық қыз 20 жылдан соң алғаш рет Қазақстанға келді

Фото: видео кадрларынан
Америкалық отбасы асырап алған қарағандылық қыз 20 жылдан соң алғаш рет туған жерін көру үшін Қазақстанға келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ол 12 мамырда Астанаға ұшып келді.
Қазір АҚШ азаматтығын алған қыздар өздерін туған елімен жақынырақ танысып, тамыры туралы білгісі келеді.
"Мұнда келгенімде өте ерекше сезімге бөленіп тұрмын. 19 жыл бойы көрмеген әпкемді көрдім. Бізді қазақ дәстүрі бойынша қарсы алды. Бауырсақтардың дәмін есіме түсірдім", – деді Сүйкімді Коллинс.
Сүйкімдіні Шерон есімді америкалық әйел асырап алған. Оның өзінің екі ұлы бар. Кейін бес қазақстандық қызды асырап алған. Шерон да қыздарымен бірге Қазақстанға келді.
Гүлмира Дайрабайдың айтуынша, бірнеше жыл өтсе де, қыздарды туған анасы іздемеген. Алайда қазақ қыздары елді өздері іздеп келіп, туған жерлерімен таныспақ.
"Төрт жыл бұрын Қазақстан азаматтығын алған": Сарапшы Шарлапаевтың "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына тағайындалуын сынға алды
Экономист мұны "бір баррикададан екіншісіне өту" деп бағалайды
Еңбек кітапшасын жоғалтып алған: Танымал продюсер зейнетке шыға алмай жүргенін айтып берді
Оның айтуынша, азаматтарды бір мекемеден екіншісіне жіберіп, дөрекі сөйлейтін жағдайлар жиі кездескен