Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Америкадағы оқу не болды?!": Төреғали Төреәлінің қарындасы діни ұстаз атанбақ

Фото: https://www.instagram.com/farizatoreali/

Танымал блогер Фариза Төреәлі діни білім алып, ұстаз атанбақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желі жұлдызы жеке парақшасында жаңа салаға бет бұрып жатқанын көрсетті. 

Түсім бе, өңім бе деп сене алар емеспін. Тұла бойымды қуаныш та, толқу сезімдері де кернеп барады. Жүрегім ілімге шөлдеді. Ал мен бұлақтың бастауына бет алдым. Илаһиятқа түстім. Алланың жолында ілім алу – менің үлкен арманым еді. Раббым осында Өзі алып келді, өзі нәсіп етті. Жауапкершілік үлкен. Әр адамның өз жолы бар. Мен өзімді түрлі бағытта көрдім, жүрегімнің қалауын іздедім. Менің жолым руханият екенін сезінемін, сеземін. Алла қалауымен екі өміріме азық болатын терең білімді алып, өзіме ғана емес, қауымға да пайда бергім келеді. Ниетімді күн сайын жаңалап, Алла арманымдағы білім жолын нәсіп еткенін сезінген сайын көзіме жас аламын. Оқу арабша және түрік тілдерінде болмақ. Фариза ұстаз болып ғана қоймай, бірнеше тілдерді жетік меңгеретінімді ойлап шабытым арта түседі. Алла зейінімізді ашсын!”, – деп жазды блогер. 



Желі қолданушылардың блогердің бастамасын қызу талқыға салды. Бірі қолдаса, енді бірі шетелдік университеттен шақырту алғанын есіне салды. 

“Америкадағы оқуы не болды?", "Сәттілік тілеймін. Хайырлы білім болсын!", "Сіз үшін қуаныштымын", “Ұстаз деген мектепте болады”, “Фари ұстаз дегенді аузыма салған”, “Шетелдік университеттен шақыру алып, сол жақта оқитын едің ғой”, “Осы қыздың дипломы да жоқ”, “Жастардың дінге кеткені қорқыныш” – деп жазды көпшілік.  

Еске салайық, Фариза Төреәлінің су жаңа кітабының бағасы сынға ұшыраған еді. 

Гүлдана Нұрлыханова
Сейсенбі, 30 Қыркүйек, 2025 12:13
Талқылау