Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америка азаматы Алматыға келіп жүрегіне операция жасатты

Фарида Уоркман алыстағы АҚШ-тан Қазақстанға арнайы келіп, жүрегіне операция жасатты. Ел азаматтары жаны қиналғанда өзге елге сабылады. Ал, шетелдіктің Алатау баурайына келуінің сыры неде? Бұл туралы КТК хабарлайды.

87

Бір кездері бақытын батыстан тапқан Фарида Уоркман Алматының тумасы. 90-шы жылдары мұхит асқан экс-отандасымыз тілге шорқақ, ағылшынша шүлдірлейді. Жүрегінде кінәраты бар миссисипилік мейман араға жылдар салып Қазақстанға келіп отыр. Бірақ, елді сарғая сағынғаннан емес. Біздегі қызмет қалта түбін қақпайтын болғандықтан.

“Бұл жақтың кардиологтары мықты маман екенін сайттардан оқып білдім. Әрі операция құны Америкадан 50 пайызға арзан. Қазақстандықтарға айтатыным, жүректеріңізді емдеу үшін алысқа барудың қажеті жоқ. Қазақстандағы медицина жақсы дамыған”, – дейді АҚШ азаматы Фарида Уоркман.

Фарида Уоркманға стенокардия диагнозы қойылған. Яғни, жүрек дертінің ауыр түрі. Бірақ, біздің мамандар барын салып операция ойдағыдай аяқталды. Бастысы, науқастың жүрегі енді мазаламайды.

“Науқастың жағдайы қалыпты. Операция 2 сағатқа созылды. Соғып тұрған жүрекке жасағандықтан, оңай болмады. Бірақ, бәрі дұрыс өтті”, – дейді ҚР ПІБ Орталық клиникалық ауруханасының кардиохирургы Гайратжан Якупов.

Президент іс басқармасының Орталық клиникалық ауруханасында соңғы екі жылдың ішінде көрші Ресей мен Кореяның азаматына да операция жасалған. Тұралаған медицина туризмінде сең қозғалса, бұл көрсеткіш көбейер еді дейді мамандар.

Оқи отырыңыз:

Дәрігерлер 20 жастағы бойжеткеннің асқазанынан килограммға жуық шаш алып шықты

Павлодарда трамвай таптап кеткен қыз ауруханадан шығарылды

Тері арқылы көрініс табатын 8 ауру

Елімізде туыстары рұқсат бермесе де, марқұмның ағзалары донорлыққа пайдаланылады

Талқылау