Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аманғали: Қайын атам сыныптасым секілді, қайын жұртқа бара бергім кеп тұрады

Аманғали Сыпабеков пен жары Марал өз өмірлері мен отбасы жайлы айтып берді. Актер қайын жұртын ерекше құрметтейтінін айтты.

Аманғали Сыпабеков жары екеуі Астана арнасының “Той жыры” бағдарламасында қонақта болып, отбасы жайлы айтып өтті.

“Маралмен әпкем таныстырды. Марал әпкеммен көрші тұрған. Мен барған уақытта, Маралдың өзі мен ата-анасы менімен суретке түсуге келіпті. Сол кезде әкесі мен анасын көріп қызын бірден ұнаттым. Ата-анасының арасындағы сыйластықты көріп, Маралдың жақсы тәрбие алғанын түсіндім. “Анасын көріп, қызын ал” дейді қазақ. Кейіннен құда түсер алдында, ата-анаммен бірге Маралдың отабсымен танысуға бардық. Қайын атам досын ертіп келген екен. Мен қатаң болып сөйлемей отырғанға әкесі сол кісі шығар десем, керісінше елпелектеп емен-жарқын әңгіме айтып отырған кісі екен атам. Әлі күнге дейін қайын жұртыма барғым кеп тұрады. Қайын атаммен сыныптасым секілді сөйлесеміз. Ашық-жарқын кісі”, – дейді әзілкеш актер.

Тағы да оқыңыз:

Екібастұзда ер адам 12 жасар қызды аңдып жүріп лифтіде зорламақ болды

“Бие – түйенің әйелі” деп жауап берген қазақ жігіті ел алдында масқара болды (видео)

Замираның күйеуімін: Қазақ жігіті Замираның әрекетіне ашуланды

Талқылау