Amanat партиясының төрағасы президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды
Астанада Amanat партиясының кезектен тыс XXIV съезі өтіп жатыр. Съезд барысында партия төрағасы Ерлан Қошанов президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Партия съезі барысында Amanat атынан президент сайлауына қатысатын үміткерді анықтау және саяси платформасын нақтылау мәселелері қаралады. Ерлан Қошанов өз сөзінде партия атынан сайлауға қатысатын кандидатты ұсынды.
"Қазіргі әлемдегі күрделі жағдайда, алмағайып уақытта бізге ең әуелі мемлекеттік жауапкершілікті терең сезінетін тегеурінді тұлға керек. Біз өткенге кері қайтпауымыз керек. Ауқымды өзгерістер өзінің заңды жалғасын табуы тиіс. Ал мемлекет алдында тұрған ұлы мақсат-мұраттарға қол жеткізу үшін бізге лайықты көшбасшы керек. Сондықтан президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұсынамын!” – деді ол.
Съезд барысында қатысушылар Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бір ауыздан қолдады.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"