Amanat партиясы филиалының бұрынғы басшысы 7 жасар баланы зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Amanat партиясы филиалының және Ақсу ауданы әкімі аппаратының бұрынғы басшысы Серікхан Жақыпов әйелінің жиенін зорлағаны үшін өмір бойына сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: gov.kz
28 ақпанда Жетісу облыстық соты Серікқан Жақыповтың атышулы ісі бойынша шешім шығарды.
Сот жабық есік жағдайында өткендіктен, істің мән-жайы айтылмады. Ер адамның кінәсі куәгерлер мен сарапшылардың көрсетулерімен дәлелденді. Алайда сотталушының өзі оны мойындамай, ақтауды сұрады.
Жәбірленушінің өкілі сотталушыдан моральдық шығын ретінде 100 миллион теңге сұрады.
Сот ер адамды Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сотталған азамат 15 миллион теңге моральдық шығын өтеуге міндеттелді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Amanat партиясының мүшесі жеті жасар балаға зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінгені туралы жазған едік. Осыдан кейін Amanat партиясының Жетісу облыстық филиалы Жақыповтың енді партияда жұмыс істемейтінін мәлімдеген еді.
"Аманат" партиясы Жетісу облысы Ақсу аудандық филиалының экс-басшысы 2024 жылдың 1 тамызында өз еркімен қызметінен кетті”, – делінген хабарламада.