Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алюминий қаптама өндіретін қытайлық компания Қазақстанда зауыт салмақ

қытайлық алюмини өндіретін компания Қазақстанға келедіФото: freepik.com

Қытайдағы алюминий банкалар өндіру саласындағы ең ірі компаниялардың бірі –  ORG Technology Co Ltd Қазақстанда өз жобасын іске асырады. Жаңа компанияның жарғылық капиталы 25 миллиард теңгеден аса құрайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл үшін қытайлық компания Астана халықаралық қаржы орталығында ORG Kazakhstan Packaging Ltd атты компанияны тіркелді.   

ORG Technology Co Ltd Шэньчжэнь қор биржасында листингтен өткен, компанияның нарықтық капитализациясы шамамен 1 триллион теңгеден асады.

2025 жылғы маусымда компанияның директорлар кеңесі Қазақстанда 100% еншілес құрылым құруды мақұлдады. Жоба Алматы қаласында екі бөліктен тұратын алюминий банкалар шығаратын зауыт салуды көздейді. Жалпы инвестиция көлемі шамамен 646,52 миллион юаньды (шамамен 49,1-49,2 миллиард теңгені)  құрайды.



Өндірістік алаң жылына 900 миллион банкаға дейін өндіретін бір желімен жабдықталады және сыра, энергетикалық және газдалған сусын өндірушілерге бағытталады. Құрылыс мерзімі – 18 ай, ал сериялық өндіріс 2027 жылдың I тоқсанында басталады деп жоспарлануда.

Жобаны қаржыландыру компанияның меншікті және тартылған қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Сонымен қатар Қытайдағы өндірістік алаңдардан жабдықтың бір бөлігін көшіру мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл ақшалай инвестиция көлемін азайтып, қолданыстағы қуаттарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

STAN.KZ
Сейсенбі, 23 Желтоқсан, 2025 14:53