Алып қашудың құрбаны болған бойжеткен қайын жұртының көрсеткен қорлығы туралы айтты
Қазақстандық келіншек отбасылық өмірінің қиындықтарын баяндап берді. Сүймеген адамға тұрмысқа шығудың салдары қандай болатынын айтты.
Бұл туралы «Ана бақыты» парақшасында жазылды.
Биғайша Еркінбекқызын (есімі өзгертілді) осыдан бір жыл бұрын өзі бұрын-соңды көрмеген жігіт алып қашқан. Алайда әлгі жігіттің отбасын әкесі жақсы таниды екен. Тіпті, ішімдік ішіп отырып құда болуға уәделескен. Бүгінде Биғайша әкесіне осы сөздері үшін әлі күнге дейін ренжіп келеді. Мұнымен қатар, ол күйеуінен көрген қорлығы туралы айтып берді.
«Мені былтыр шілде айында танымайтын жігіт алып қашты. Алып кету үшін артымнан анам мен әпкем келді. Бірақ, келген жерім мені тығып ұстады. Қанша қарсылық танытсам да, басыма орамал салды. Екі әйел екі қолымды тас қылып ұстап отырды. Қатты шаршап ұйықтап қалыппын. Қашып кетуіме де болатын еді. Қазір қатты өкініп жүрмін. Өзім Оңтүстіктің қызымын. Күйеуім екеуіміздің ауылымыз жақын. Жаңа жылдан бері Алматы қаласындамыз. Күйеуім де, мен де жұмыс істедік. Менің айтайын дегенім – күйеуімді мүлдем жақсы көрмеймін. Түнде бірге болғым келмейді. Сол үшін сан рет таяқ жедім. Ұрған сайын бұрынғысынан бетер жек көріп кетемін.
Енемде татардың қаны бар. Көп сөйлейді. Сөйлеген сайын жүйкем ауырады. Ата-енем, күйеуім үшеуі бірдей. Барлығын жек көремін. Өтірік көп айтады. Шілде айында келін болып түскеніме бір жыл толады. Енем «Неге бала көтермей жүрсің? Бәлкім суықтап қалған шығарсың?» дейді. Тәуіп-балгерге дейін алып барды. Ал күйеуім менен тығылып «друг-вокруг» желісіне кіріп қыздармен сөйлеседі. Қыста қыздармен сөйлесіп отырған жерінен ұстап алып, үйге кетіп қалғанмын. Ата-енем жалынып жүріп қайта алып кетті. Қанша қарсылық танытсам да, әкем күштеп қайтарды. Негізі барлығы әкемнің кінәсі. Атаммен ішімдік ішіп отырып, құда болуға уәделескен екен. Әкеме әлі күнге дейін ренжимін. Сол сөзінен кейін сыртымнан көріп алып қашты.
Сыныптасым алып шығып берді. Ол баланы да жек көремін. Түнде жылап, соны қарғаумен келемін. Күйеуім түнімен сағат 3-4-ке дейін «друг-вокруг» желісінде қыздармен сөйлесіп жатады. Не істерімді білмей басым қатып кетті. Шынымды айтсам, бәрінен шаршадым. Кетіп қалғым келеді. Бірақ, нақты себеп керек. Арамыз да бала да жоқ. Өмірімді ары қарай онымен бірге елестете алмаймын. Оған күндіз керек емеспін. Қайда жүргенім маңызды емес. Оған төсек қатынасы ғана керек. Қатты ауырып жатқанымды айтсам да, қоймайды. Қарсылық танытсам, жұдырығын ала жүгіреді. Анам мұның барлығы туралы білмейді. Оны жанымнан артық жақсы көремін. Ауырып қала ма деп қорқамын», – дейді Биғайша Еркінбекқызы.
Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.
Жіберіп алмаңыз:
Келіншек күйеуіне “бұйырмаған” қыздық пердесін хирургиялық жолмен алдырмақ
Үш дипломы болса да, еден жуып жүрген бойжеткен назын айтты
Шымкенттік әйел күйеуінің басын “айналдырып” алған құрбысы туралы айтты