Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алуа Қонарова “жезөкшелерді” қамшымен сабаған Ахмадиевті сынға алды

Рэпер Жан Ахмадиевтің “жезөкшелерді” қамшымен сабаған видеосы қоғамды дүр сілкіндірді. Бір апта бойы қазақ жұртшылығы өзін “заманауи жырау” деп атап жүрген Ахмадиевтің әрекетін қызу талқыға салған еді. Бір топ танымалдар рэперді қылмыстық кодекс бойынша жазалау керектігін де айтты.

Танымал продюсер Алуа Қонарова да аталған оқиғаға бей-жай қарай алмағанын айтады. Hit-TV арнасына берген сұхбатында ол Ахмадиевтің әрекетін сынға алды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Физикалық тұрғыдан дені сау азаматтың қыздарды қамшымен сабауы, ол аздай әрекетін камераға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеуі күлкілі нәрсе. Шахтерлер бас көтергенде, сол азаматтық ұстанымы қайда болды? Шахтаның астына түсіп, неге видео түсірмеді? Немесе су тасқыны болғанда, неге оқиға орнына бармады? Таспаға түсірмей-ақ қойсын, балалар мен әйелдерге көмектессін. Елімізде зорлық-зомбылық деген өршіп тұр. Қыздарды, әйелдерді, қала берді ер балаларды зорлап жатыр. Сондай сұмдық жағдайлар болып жатқанда, танымал болу үшін қыздарды ұрғанына жол болсын?!” – деп ашынды продюсер.

Айта кетейік, өткен аптада полиция Ахмадиевтің видеосын тексеріске алған еді. Ақырында ІІМ шын мәнінде Ахмадиевтің ешкімді де сабамағанын, тек арнайы көрініске өз әйелі мен таныстарын түсіргенін анықтады. Дәл осы себепті көптің талқысына түскен рэпер жазадан сытылып кетті.

Оқи отырыңыз:

Сәкен Майғазиев Елбасыға ұқсайтын қасиетін атап, жұртты күлдірді

“Арман” киносының анайы тілі жаншошырлық: Журналист Қайрат Нұртастың киносын сынға алды

Қол жұмсауға мәжбүрлемеңдер: Майғазиев “хайптың” жетегінде кеткен танымалдарға соңғы ескерту жасады

Күйеуіммен төсектес болып па едің: Жан Ахмадиевтің әйелі Айсәуле Бақытбекке жауап берді

Талқылау