"AltynExCompany" АҚ IT компанияларға Ақтөбе облысындағы "Юбилейное" кен орнында 10-мерейтойлық өнеркәсіптік турын өткізді
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Алтынды кентінде орналасқан "AltynEx Company"АҚ компаниясының "Юбилейное" кен орнына IT-компаниялар үшін оныншы өнеркәсіптік туры өтті.
Шараны қазақстандық Индустрия 4.0 амбассадорлары ұйымдастырды. Турға еліміздегі IT саланың жетекші өкілдері жиналып, өздерінің цифрлық әзірлемелерін таныстырды. Сонымен қатар оларды тау-кен өндіру секторына енгізу жолдарын талқылады.
Турға қатысушылар сонымен қатар жерасты кенішін игерудің негізгі аспектілерімен танысты. Алтын өндіруші компанияның өзекті міндеттері қандай екенін білді.
Тур барысында “Smartgas”, “Klinkmann”, “AG Tech”, “Aardvark”, “KCELL”, “NIIECT”, “KazScanService” және “MED365” сияқты жетекші қазақстандық компаниялар “AltynEx Company” компаниясының өндірістік тиімділігін арттыруға және тұрақты дамуына бағытталған автоматтандыру, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экологиялық мониторинг саласындағы отандық бағдарламалық-аппараттық шешімдерді ұсынды.
"Озық технологияларды енгізу компанияға бизнес-процестердің тиімділігін арттыра отырып, орнықты дамуға мүмкіндік береді. Өнеркәсіптік кәсіпорындарға отандық өнертапқыштардың әзірлемелерін енгізу – бизнес пен ғылымды дамытудың бастапқы қадамы. Тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарды өткізу жоғары нәтиже көрсетті. "AltynExCompany" АҚ осы ұйымдармен әрі қарай да жемісті түрде ынтымақтасамыз деп үміттенеміз", – деп толықтырды "AltynExCompany" АҚ кенішінің директоры Игорь Викторович Гостевских.
AG Tech компаниясының жүйелік талдаушысы Ақылжан Қосманов осы тұста пікірін білдіре кетті.
"Бүгін біз" Юбилейное" кенішіне бардық. Бизнес-процестер сауатты құрастырылған. Кәсіпорынның қажеттіліктерін зерттеп, анықтадық, барлығы ұнады. Біздің AG Tech компаниямыз осындай турларға үнемі қатысады. Әр жолы біз позициялау жүйесі, апаттық ескерту, сондай-ақ табельдік есеп жүйесі секілді шешімдеріміз арқылы жақсартуға және оңтайландыруға болатын жаңа аспектілерді табамыз. Біздің DMMS өнімімізді “Kazakhmys”, “Kazzinc”, “Полиметалл” және “Qarmet” сияқты Қазақстанның ірі жер қойнауын пайдаланушылар қолданады. Енді “AltynEx”-ке де енгізу әлеуетін көріп отырмыз. AltynEx басшылығына ұйымшылдық, қонақжайлық және кәсіпорынды ішінен көру мүмкіндігін ұсынғаны үшін алғыс айтамыз", – деді ол.
Тур соңында қатысушылар “AltynEx Company” компаниясындағы өндірістік тиімділікті арттыру, қауіпсіздік техникасын жақсарту және экологиялық таза шешімдерді енгізу үшін озық цифрлық технологияларды қолдануға бағытталған жобалар жиынтығын қалыптастырды.