Алтынбек Қоразбаев 69 жасқа толды (фото, видео)
Бүгін танымал әнші, композитор, дирижер, қазаққа Мейрамбек Бесбаевтай өнер иесін таныстырған Алтынбек Қоразбайұлының туған күні. Ол 69 жасқа толды.
Алтынбек Қоразбайұлы 1948 жылдың 1-ақпанында Жамбыл облысы, Меркі ауданының Қызылсай ауылында дүниеге келген. Қазақстан халық әртісі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының иегері, Қырғызстанның халық әртісі.
1973 жылдан Жамбыл облыстық «Алатау» эстрадалық ансамблінің көркемдік жетекшісі, сонан соң облыстық филармония директоры болып істеді. Халық сүйіп тыңдайтын «Қара кемпір», «Қара шал», «Шашбаулым», «Сырғалым», «Аяулы Таразым», «Кенен ата», «Сағындым Кенен атамды» әндерінің авторы.
Мәдениет саласындағы жоғары жетістіктері үшін А. Қоразбаевқа Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, «Қазақ КСР-ның Еңбек сіңірген артисі», 1993 жылы «Қазақстан халық әртісі», 1994 жылы «Қырғызстан Республикасының халық артисі» құрметті атақтары берілді. 2004 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 2010 жылы «Парасат ордені», 2016 жылы Елбасының қолынан ІІІ дәрежелі «Барыс орденін» алды.
Қазаққа кең танымал Мейрамбек Бесбаев пен Тоқтар Серіковтің жұлдызын жаққан жетекші ұстазы.
Жіберіп алмаңыз:
Қанат Айтбаев Димашты сынаған дінтанушыға жауап берді
Қосыла ән шырқаған Кенжебек Жанәбіловтің егіздері көпшілікті сүйсінтті (видео)