Алтынай Жорабаеваның қос бүлдіршіні бет күтімін қалай жасау керектігін көрсетті (видео)
Алтынай Жорабаева желідегі оқырмандарына сұлулықты сақтауға қатысты әртүрлі кеңестер беріп тұрады. Бірде шаш күтіміне байланысты өз нұсқауларын берсе, келесіде бет күтімін назарға алады. Ал бүгін әншінің өзі емес, қос қызы беттеріне маска жағып, бет күтімін қалай жасау керектігін көрсетті.
Қыздардың қылығына желі оқырмандарының басым бөлігі сүйсіне қарады. Кейбіреулер жас бүлдіршіндерге косметика қолдануға тым ерте екендігін айтып, сынады.
«Тәп-тәтті қызғалдақтар», «Қыздар қылығымен әдемі, сүйкімді», «Мамасы сияқты әдемі қуыршақтар», «Сәнқой қыздар», «Болашақ актрисалар», «Бүлдіршіндер қазірден бастап әртүрлі косметика жақса, кейін қалай болар екен», «Ерте әлі сендерге маскаға үлгересіңдер», – деп пікір білдірді олар.
Жіберіп алмаңыз:
Алтынай Төреғалидің әнін орындап жұртты сүйсіндірді (видео)
Алмас Кішкенбаев қызының 2 жасынан боянып, 3 тілде сөйлейтінін айтып мақтанды
Ләйлә Сұлтанқызына қолдау білдірген Есболат Беделхан халықтың жауыздығына қайран қалды
Баян Мақсатқызы біреудің ақшасына күн көретін әйелдерге үндеу жолдады
Ұстазы Мейрамбектің жастай «қайын ата» атануының себебін түсіндірді