Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алтынай Жорабаева шаш түсуін тоқтатудың тәсілін бөлісті

Көп адам Алтынай Жорабаеваның қайратты да селдір шашына қызығады. Осыған қатысты ол журналистерге берген сұхбатында ащы қызыл бұрыштан маска жасайтынын айтқан болатын. Алайда қазір шашы шамадан тыс түсіп жүрсе керек, арнайы емдік қасиеті бар сусабын қолданып жүрген екен. Кезекті жазбасында аталған сусабынның әсері туралы айтып берді.

новый коллаж

Фото: instagram.com/zhorabayeva/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жеке кәсібін дөңгелетіп жүрген шоу-бизнестегі қыз-келіншектердің қатарында Алтынай Жорабаева да бар. Ол әлеуметтік желіде өзінің ғана емес, әріптестерінің, келінінің сұлулық салондарына жарнама жасап отырады. Жуырда Жазира Байыбекқызының сұлулық салонын жарнамалаймын деп басы дауға қалған болатын.

“Қыздар кеш жарық! Мынау тричуп деген сусабын. Мен майын алғашында онша сеніңкіремей пайдаланғанмын ғой. Екі рет пайдаланғанның өзінде шашымның түсуі тоқтады. Алла куə ! Майын шашымның түбіне массаж жасап жағып, бір, екі сағаттан кейін шампуньмен жудым. Əйтпесе жуғанда шаштарым уысымен сумен ағады. Тарасам бір уыс түседі. Үйдің ішінде, жердегі шашты жинаумен болатынмын. Сіздерге таныс жағдай шығар? Екі рет пайдаланғаннің өзінде нәтижесін байқау – ғажап дүние екен!” – дейді Алтынай Жорабаева.

Бұл мәселе көптеген қызды толғандырып жүрсе керек. Олар әншіден қайдан алуға болатынын сұрады. “Бұл сусабын туралы бұрыннан естіп жүргенмін. Бір күні Нұр Астана мешітінің алдынан көрдім. Бірақ алмадым. Енді Алтынайдың сөзіне сеніп, алып көрмесем”, “Сіз айтқандай, менікі де жаман түсетін.

Жағып жүргеніме 6 ай болды. Түсуін тоқтатты”, “Майды да, сусабынды да қолданып жүрмін. 3 рет май жағып сусабынмен жудым. Шашымның түсуі азайып жатыр. Енді тек осы сусабынды қолданамын”, “Мен де алып пайдаландым, бірақ еш көмектеспеді” дейді желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Алтынай Жорабаева енесімен неге бірге тұрғысы келмейтінін айтты

Араб тілін үйренуге шақырған Алтынайды тыңдармандары сынап тастады

Алтынай Жобаваеваның атқа отырып,тау бөктерінде еркін шапқанына көпшілік таң қалды

Талқылау