Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алтынай Жорабаева өз қолымен өзіне көйлек тігіп жатыр (видео)

Алтынай Жорабаева өзіне арнап моншақтармен безендірілген көйлек тігіп жатыр. Әншінің бұл көйлегі бүгін дайын болмақ.

image

Фото: instagram.com/zhorabayeva/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жуырда Тамара Асар өзіне көйлек тіккенін айтып жұртты таң қалдырған болатын. Енді міне дәл осындай өнерінің бар екенін Алтынай Жорабаева да айтып жатыр. Ол көйлегін моншақпен безендіруге кіріскен-ді.  “Кеш жарық! Көйлегімнің тастарын тігуді бастап кеттім. Дайын болғанда көрсетемін”, – дейді Алтынай Жорабаева.

Аталған көйлектің қандай шараға арнап тігіліп жатқаны белгісіз. Десе де әнші оның бүгін дайын болатындығын айтқан-ды. Әншінің бұл өнеріне қатысты желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп жатты. Көпшілік таң қалғандарын жеткізді. Арасында Алтынай ханымнан ырымдап көйлек сұрағандар да болды.

“Іске сәт! Алтынай ханым, еңбегіңіз жансын!”, “Алтынай, тек қана алға. Өзіңізге қарап, үнемі әдемі болып жүріңіз. Қалғанының барлығын Алла өзі реттейді”, “Өзіңіз тігіп жатырсыз ба? Керемет екен”, “Алтынай, сізге үйрету курсын ашу керек қой. Ісіңіз алға бассын”, “Алтынай онсыз да баға жетпес, даусы керемет әнші. Оған ешқандай стилист керек емес” дейді желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Алтынай Жорабаева шаш түсуін тоқтатудың тәсілін бөлісті

Алтынай Жорабаева енесімен неге бірге тұрғысы келмейтінін айтты

Араб тілін үйренуге шақырған Алтынайды тыңдармандары сынап тастады

Алтынай Жобаваеваның атқа отырып,тау бөктерінде еркін шапқанына көпшілік таң қалды

Талқылау