Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алтынай Жорабаева Қыдырәлі Болмановты жақтап сөйледі (видео)

Соңғы уақытта танымал продюсер Қыдырәлі Болмановтың басы даудан арылмай кетті. Тоқал тақырыбын сөз еткелі бері ерінбегеннің бәрі оны әңгіме қылатынды шығарды. Танымал тұлғалар ол туралы түрлі посттар жазып, мазақ та етті. Ал карикатурашы оны суретпен мысқылдады.

болманов жорабаева

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Есесіне әріптестері Болмановқа барынша қолдау көрсетуде. Оған сәл кейінірек тоқталамыз. Әзірге даудың неден басталғанын анықтайық.

Бірнеше күн бұрын Қыдырәлі Болманов өзінің Ресейде профессор атанғанын дәлелдейтін фактілерді тізіп берді. Оның айтуынша, бүгінде айналасында өрбіген дауды шығарғандар Ресейден ол туралы мәлімет жинаған. Тіпті, оның профессорлығына күмән келтіріп, Ресей ғылым академиясына хабарласқан. Алайда Болманов ғылыми жүмысты Ресей жаратылыстану академиясында қорғаған. Арам ниеттілер ақпаратты дұрыс жеткізбестен, халықты алдаған.

Оның бұл жазбасын Мейрамбек Бесбаев, Cәкен Майғазиев, Алтынай Жорабаева сынды көптеген өнер жұлдыздары бөліскен.

Алтынай Жорабаева Амонко Жұмадолда есімді азаматтың жазбасын келтіре отырып, Болмановты қараламас бұрын ақпараттың рас-өтірігіне көз жеткізуге кеңес берді.

«Кез-келген адам тексере алатын ақпарат бола тұра, бір адам жалған ақпарат жіберсе болды, ұлардай шулап, ақ-қарасын ажыратпай, небір ғайбат сөздермен іліп-алып таратып, кімді болса да (Илья Ильин батырымыз, т.б. мысалы, түсініксіз, 5-жылдан кейін тексерілген “допинг”сияқты) қисынға келмесе де қаралап, абыройына нұқсан келтіруге тырысып жатыр, шынымен де адал екенін, таза патриот, құрметті азаматтар екенін көзімізбен көріп, миымызбен түсініп тұрсақ та, қорғаудың орнына сол жаман ниетті 1-2 жазғыштарды ойланбастан қолдап кететін өз бауыр-қарындастарымызға не болған? Керісінше қандай марапатқа болса да лайық ұлдарына (Жүрсін Ерман т.б.) жала-жауып, жамандағанда елімізге не пайда? Жерімізге не пайда?» – деп жазады Жорабаева.

Screenshot_21

Ол жерлестерін ойланып сөйлеуге шақырды.

«Айналып келгенде қазақтың тілі де, болашағы да, ғылымы да, иманы да, ұрпағы да тек қазақтан басқа ешкімге керек емес. Бөтендерге жері мен мұнайы ғана қызық сияқты», – деп жақтады әріптесін әнші.

 

Ассалаумағалейкүм Қазақ Елі ! Мынау жасалып жатқан ( Учебно-методический комплекс ) жөнінде баяндамадан үзінді. Ресейде.столдың жапқышында “Академия Естествознания”-деп жазылып тұр. Яғни Российская Академия Естествознания. Және Межднародная Академия психологий,-президенті Ресей Академигі В.В. Козлов. Осы екі Академия маған Доктор PhD, психология ғылымдарының кандидаты атағын берді.бірнеше жыл жазып,2015-жылы ғылыми диссертация қорғадым.Қорғау алдында бірнеше Мемлекетте баспасөз бетінде мақалаларым шықты.Диссертация тақырыбы ,-“Формирования элементов этнического самосознания личности дошкольника” Гакку арнасы дисертация қорғауында болған…Қазіргі дау көтеріп отырған адамдар Российская Академия Наук,РАН-нан менің фамилиямды сұрастырған. Бірақ олар РАЕ-ден емес,РАН-нан,басқа Академиядан сұраған.РАЕ,-ден сұраса,-менің Фамилиям тіркелген.Неге олар тіркелген,диссертация қорғалған жерден сұрамайды ?Аталмыш Академиялардың барлығы Ресейлік.) Ал мен Ғылым жолында жүрген адам емеспін. Мемлекеттік қызметте жоқпын.Ешкімнің басын жарып,көзін шығармаппын.Менің жұмыстарымнан Ешкім зиян шекпепті.-Аллаға сансыз мадақ ! Басты Ниетіміз “Методикалар” қисық болып кетпеу үшін,ғылым негізінде жасап шығаруды ұйғарып,ғылымның терезесін қақтық.Үлкен ғалымдармен ақылдасып отырып,керегін алдық.Ең бастысы тек диссертация емес,ең бастысы,-Өнім бар ! Уебно-методический комплекс Балбала. Білім Министрлігінің аттестацияларынан өткен,-( Приказом #515 от 10.12.2014 года Министерства образования и науки РК мы вошли в перечень учебников и учебно-методических комплексов, разрешенных к использованию в организациях образования.) Ол да бар. Қазақстан бойынша лабораториялық тексеруден өтетін ойышықтар,-тек қана Балбала.Барлық тазалыққа қатысты сертификаттардың бәрі бар.Егер менің ғана диссертациям өте маңызды “қауіп” төндіріп тұрған болса,😄қайталап,дамытып Қазақстанда да диссертация қорғауға дайынмын. Тақырыпты ешкімнен ұрлап алмадым.Тақырыбым,-тың,25-жыл ішінде бұрын-соңды менен басқа ешкім оқу-әдістемелік құрал түгілі,қазақша ән айтатын,қазақша сөйлейтін ойыншық та жасамаған. Сонда осынша шу не үшін ? Кімге қажет ? Еліміздің дамуына қандай пайдасы бар ? Сіз қалай ойлайсыз,әр Қазағым,-жалғызым ?

Видео опубликовано Кыдырали Болманов (@kydyrali_bolman)

 

Қыдырәлі Болманов карикатура жайында: Сіздің ата-анаңызды солай салып қойса қайтер едіңіз?

 

Талқылау