Алтынай Жорабаева арам қаннан қалай тазарып жүргенін айтып берді
Алтынай Жорабаева өзіне ұнап қалған емделу тәсілімен бөлісті. Соңғы кезде әнші қан алдырып, сүлікпен арам қаннан тазарып жүр екен. Мұнымен қатар, ол аталған ем түрінің сүннетке қарсы еместігін айтып жатыр.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әнші әлеуметтік желі арқылы өзі қолданатын ем тәсілдері мен косметикасы туралы ақпаратты жиі бөлісіп тұрады. Бұл жолы Алтынай ханым жыл сайын сүлік салу арқылы емделетінін айтты.
«Қан алдырып емделу жайында пайғамбарымыздың көптеген хадисі бар. Яғни, қандай жолмен болса да емдік мақсатта қан алдыру – сүннетке жатады. Тек қазіргі таңда бұл емді дәрігерлердің кеңесімен жасаған дұрыс. Сүлік салу да (гирудотерапия) қан алудың бір түрі болып табылады. Себебі, сүлік денені арам қандардан тазартады. Бұған қатысты да пайғамбарымыздан «Емделудің ең дұрыс жолы – қан алдыру, ішті айдау, және сүлік қолдану» деген хадис те риуаят етілген. Ендеше «сүлік салу» шариғатқа теріс емес және ауыз ораза кезде де, қан алдыруға болады, тек әлсіреп қалмасаңыз болғаны. Десе де, «сүлік салу» арнайы дәрігердің бақылауында жасалатын ем екенін де ұмытпаған жөн. Өзім жылына 1 рет сүлік салдырып тұрамын. Қан айналым жақсы болса, бүкіл ағза жақсы болады, Алла бұйыртса», – дейді Алтынай Жорабаева.
Жіберіп алмаңыз:
Желіге қызының суретін жүктеген Аша жұрттан ұрыс естіп қалды (фото)
Айдана Меденова жаңа туған сәбиін көрсетті (фото)
Ең танымал ағайынды жұлдыздар (фото)
Марқұм анасына өлең арнаған Нұржан Төлендиев көптің жүрегін елжіретті