Алтынай Төреғалидің әнін орындап жұртты сүйсіндірді (видео)
Алтынай Жорабаева желі қолданушыларының өтінішін орындап, оларға арнап ән салды. Мұнымен қатар, өзі безендірген көйлекті тағы да көрсетті.
Фото: instagram.com/zhorabayeva/
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Алтынай Жорабаева үнемі инстаграм парақшасы арқылы соңғы жаңалықтарын бөлісіп отырады. Мұнымен қатар, арасында желі қолданушыларының ұсыныс-тілектерін орындайды. Бірнеше күн бұрын ол желі қолданушыларына арнап ән салды.
Видеоның тұсына әнші “Қайырмасында фальцетке кеттім. Әйтпесе, көршілерден ұят болар” деп жазды. Бұл әнді алғашында сахнаға Төреғали Төреәлі алып шыққан екен. Алайда желі қолданушылары Алтынай Жорабаеваның орындауындағы нұсқасының көбірек ұнағандығын айтып жатыр.
“Өтініш, мына әннің атын жазып жіберіңізші. Маған қатты ұнады”, “Өте керемет ән екен. Ал даусыңызға сөз жоқ”, “Қайта-қайта тыңдап, жылап алдым. Әсерлі екен”, “Жаным, сондай сұлусың. Осылай әдемі макияж жасатып тұрыңызшы. Сосын арасында өлең жолдарын оқып тұрған сәтіңізді видеоға түсіріп, дәл осылай желіге жүктеңізші. Менің бұл ұсыныстарыма түсіністік танытасыз деп ойлаймын”, “Ән өте мағыналы. Керемет! Алла-тағала сағыңды сындырмасын” дейді желі қолданушылары. Әнші желі қолданушыларының тағы да бір өтінішін орындады. Ол өзі безендірген көйлекті көрсетті.
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстандық журналист Ләйлә Сұлтанқызын жұмыстан шығаруды талап етті
Баян Есентаева “шымкентше” сәлем салды (фото, видео)
Мейрамбек магистратурадағы алғашқы сабақ күндері туралы айтып берді (видео)
Гүлмира Ақүрпекованың күйеуін өз құдашасы тартып алған (фото)