Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Altyn Bank жеңілдетілген мөлшерлемемен цифрлық автонесиені іске қосты

Altyn Bank жетекші автодилерлермен бірлесе отырып, 2024 жылдың соңына дейін қолайлы шарттарға негізделген автонесие бағдарламасын іске қосты. Рәсімдеу процесі толықтай цифрлық форматта Altyn-i қосымшасы арқылы жүзеге асады. Несие 1 күнде беріледі.

Акциялық автонесие бағдарламасының шарттары:

- Бастапқы жарнасыз;

- Несие сомасының ең жоғары мөлшері – 30 миллион теңге;

- Сыйақы мөлшерлемесі 0,1%-дан 21%-ға дейін (ЖТСМ 0,1%-дан 23,08%-ға дейін);

- Несие мерзімі 12 айдан 84 айға дейін.

“Клиенттердің қажеттіліктері мен сұраныстары жылдам өзгеріп жатыр. Банк олардың сұраныстарын қанағаттандырып қана қоймай, алдын ала болжап, қызмет сапасын және өнімдерінің онлайн қолжетімділігін үнемі жетілдіріп отырады. Енді клиенттеріміз автонесиені бір күннің ішінде рәсімдеп, оны бірден тіркеп, кепілге қоя алады. Қосымша бонус ретінде банк тарапынан екі жылға КАСКО сақтандыруы беріледі”, –дейді Altyn Bank Бөлшек бизнес блогының басқарушы директоры Динара Арслан.

Altyn Bank-тің алғашқы серіктестері Allur және Orbis Auto компанияларының автокөлік топтары болды. Бұл тізім алдағы уақытта кеңейеді. Бағдарламаның іске қосылуының құрметіне банк серіктестері кейбір көлік үлгілерін жеңілдетілген бағамен сатуды бастады.

Allur компаниясы арқылы акцияға қатысу шарттары:

- Бастапқы жарнасыз;

- Сыйақы мөлшерлемесі: 0,1%-дан 14,9%-ға дейін (ЖТСМ 0,1%-дан 15,96%-ға дейін);

- Несиенің максималды сомасы 30 млн теңге;

- Несие мерзімі 12 айдан 84 айға дейін.

Orbis Auto компаниясы арқылы акцияға қатысу шарттары:

- Бастапқы жарнасыз;

- Сыйақы мөлшерлемесі: 0,1%-дан 15,8%-ға дейін (ЖТСМ 0,1%-дан 16,99%-ға дейін);

- Несиенің максималды сомасы 30 млн теңге;

- Несие мерзімі 12 айдан 84 айға дейін.

Акцияға қатысатын автокөлік модельдері туралы толық ақпарат алу үшін банк серіктестік орнатқан автосалондарға хабарласыңыз.

Altyn Bank-тен автокөлік несиесін қалай алуға болады?

- Altyn Bank серіктестік орнатқан автосалондарының бірінен автокөлікті таңдаңыз. Көліктер тізімімен https://altynbank.kz сайтында танысуға болады;

- Altyn-i қосымшасын орнатып, банктің серіктесіне автонесие алуға өтініш беру;

- Несие туралы шешіммен танысу;

- Несие келісімшартына қол қойып, жаңа көлігіңізді алыңыз.

Altyn Bank клиенттері үшін тағы бір жақсы жаңалығымыз бар. Енді қолданушылар "Altyn-i" мобильді қосымшасында Kaspi QR арқылы төлем жасап, қосымша ішінде QR аударым жасай алады.

"Altyn Bank" АҚ – корпоративтік және бөлшек сауда бойынша клиенттерге арналған өнімдер мен қызметтердің толық спектрі бар әмбебап коммерциялық банк. Жеке тұлғалар Altyn-i цифрлық банкингі арқылы қызмет ала алады. Ол активтері бойынша 13-орында және қазақстандық коммерциялық банктер арасында ең жоғары рейтингтердің біріне (Fitch – "BBB-", Moody's - "Baa3") ие. Банктің Алматыда, Астанада, Атырауда, Шымкентте, Ақтауда және “Астана” халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) алты филиалы бар. 

ҚР ҚНРДА 2020 жылғы 3 ақпандағы № 1.2.23 / 194/33 лицензиясы.

Толығырақ: https://altynbank.kz/ru/personal/autocredits

 

Жарнама құқығында

Талқылау