Altyn Bank автонесиелеу мөлшерлемесін төмендетті
Altyn Bank жетекші автодилерлермен бірігіп 31 мамырға дейін автонесие науқанын өткізеді. Қазақстандықтар осы мүмкіндікті пайдаланып, төмендетілген мөлшерлемемен несиеге автокөлік ала алады.

Банк серіктестерінің белгілі бір модельдеріне арналған науқан шарттары:
- Бастапқы жарнасыз 1,5%-дан 15%-ға дейін (ЖТСМ 1.51%-дан 16.06%-ға дейін);
- Бастапқы жарнамен 0,1%-дан 13%-ға дейін (ЖТСМ 0,1%-дан 13,79%-ға дейін);
- Қарыздың ең жоғары сомасы – 30 миллион теңге;
- Несиелеу мерзімі 12 айдан 84 айға дейін.
Автокөліктердің тізімі мен науқан шарттары туралы банктің сайтынан таныса аласыз.
Несиені рәсімдеуді Altyn-i қосымшасы арқылы толығымен онлайн түрде жасауға болады. Несиені тағайындау мерзімі – 1 күн. Ал науқанға қатысқандарға КАСКО екі жылға тегін болады.
"Автонесиелеу жұмыстарын бір жылдан аз уақыт бұрын бастадық. Клиенттер тарапынан қызығушылық бар екенін байқап жүрміз. Сондықтан төмен пайыздық мөлшерлеме шарттарын ұсынуды шештік. Өтінімді автосалонда отырып-ақ Altyn-i қосымшасы арқылы жіберуге болады. Ал мақұлдау мен рәсімдеу бір күн уақыт алады", — деді Altyn Bank бөлшек сауда блогының басқарушы директоры Динара Арслан.
Altyn Bank-тен автонесиені қалай алуға болады:
- Altyn Bank серіктестерінің автосалонынан өзіңізге қажет автокөлікті таңдаңыз. Серіктестер тізімін мына сайттан көре аласыз;
- Altyn-i қосымшасын орнатыңыз және автонесиеге өтініш беріңіз;
- Несие шешімімен танысыңыз;
- Кейін несие шартына қол қойып, жаңа көлігіңізді алып кетіңіз.
"Altyn Bank" АҚ – корпоративтік және жекелеген клиенттерге арналған өнімдер мен қызметтердің толық спектрі бар әмбебап коммерциялық банк. Банк жеке тұлғаларға Altyn-i цифрлық банкингі арқылы қызмет көрсетеді. Ал активтер мөлшері бойынша 13-орында. Сонымен қатар қазақстандық коммерциялық банктер арасында ең жоғары рейтингтерге ие (Fitch – "BBB", Moody ' s – "Ваа3"). Оның: Алматы, Астана, Атырау, Шымкент, Ақтау, Астанадағы халықаралық қаржылық орталығымен қоса алғанда алты филиалы бар.
ҚР АРРФР лицензиясы № 1.1.114, № 3.3.254/46 23.10.2024 ж.
Толық ақпаратпен мына жерден таныса аласыздар.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды