"Унциясына 1 873 295 теңге": Алтынның бағасы тарихи рекорд орнатты
Фото: Рexels.com
Алтынның бағасы соңғы төрт айда ең жоғары деңгейге жетті. Бұған инвесторлардың АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесінің “пайыздық мөлшерлемені осы айда-ақ төмендетеді” деген болжамы себеп болды. Бұл өз кезегінде алтынға деген сұранысты арттырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Forbes.kz хабарлайды.
Reuters агенттігінің мәліметінше, күміс 2011 жылдан бері алғаш рет унциясына 21 500 теңгеден асты.
Алтынның спот бағасы Астана уақытымен 12:47-де 0,9% өсіп, унциясына 1 873 295 теңгеге тең болды. Бұл – 22 сәуірден бергі ең жоғары көрсеткіш. АҚШ-та желтоқсанда жеткізілетін алтын фьючерстері 0,9% қымбаттап, 1 911 059 теңгеге жетті.
Күмістің спот бағасы 2,7% өсіп, унциясына 21 933 теңге болды. Бұл – 2011 жылдың қыркүйегінен бергі ең жоғары көрсеткіш.
“Алтын, әсіресе күміс, жұмадан бастап сенімді өсіп келеді. Бұған АҚШ-тағы тұрақты инфляция, тұтынушылық көңіл-күйдің әлсіреуі, болжамды пайыздық мөлшерлемелердің төмендеуі және Федералдық резерв жүйесінің тәуелсіздігіне қатысты алаңдаушылық әсер етті”, – деді Saxo Bank тауарлық стратегиялар бөлімінің басшысы Оле Хансен.
29 тамыз күні жарияланған деректерге сәйкес, АҚШ-тағы жеке тұтыну шығындарының баға индексі айлық есеппен 0,2% өсті.

Қазақстандық исламтанушы мигранттардың діни ахуалға әсерін айтып берді
