Алтынның бағасы рекордтық көрсеткішке жетті
АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы күшейген тұста алтын бағасы рекордтық деңгейге жетті. Оның құны унциясы үшін 3200 доллар (1 654 080 теңге) болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Апта ішінде спот алтынның бір унциясы 2 978,19 доллардан (4 сәуір) 3 220 долларға дейін қымбаттап, 8 пайыздан астам өсті. Соңғы 24 сағатта алтын шамамен 3,5 пайызға қымбаттады.
АҚШ-тың 2025 жылғы маусымдағы жеткізілімінде алтын фьючерстері 7,8 пайызға қымбаттап, унциясы үшін 2 984,56 доллардан 3 217,74 долларға дейін көтерілді. Бір тәулік ішінде баға шамамен 3 пайызға өзгерді.

Скрин: Investing.com
Нью-Йорк Comex биржасында алтын фьючерстерінің бағасы бір унция үшін 3240 доллардан (1 миллион 674 мың 756 теңге) асты.
Айта кетейік, бұған дейін Биыл наурыз айының соңында алтынның бағасы 3 100 доллардан асып, рекорд жаңартқан еді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"