"Алтынайдың қыздарынан аумайды": Сәбит Әбдіхалықов пен Айгүл Иманбаева немересінің тұсаукесер тойын өткізді
Фото: Видеодан скриншот
Танымал әнші Айгүл Иманбаева мен актер Сәбит Әбдіхалықов немересінің тұсаукесер тойын өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иелері көпшілікке немересі Айсұлуды алғаш рет көрсетті.
“Құрметті достар, бүгін немереміз Айсұлудың тұсаукесер тойын жасаймыз. Бізбен бірге болыңыздар! Қазақтың маңдайына біткен өнердегі аға, апаларымның бірі кессе де болатын еді. Бірақ біздің таңдау Жадыраға түсті”, – деп жазды әнші.
Одан кейін әншінің қазіргі жұбайы тойға онлайн қосылды.
“Қашықтық махаббатқа кедергі емес. Экранның ар жағынан айтылған жылы сөз жүрекке тікелей жетеді”, – деп жазды өнер иесі.
-
"Келініме бір-ақ нәрсе айттым": Айгүл Иманбаева қандай ене екенін айтты
-
"Сегіз бала туыңыз": Айгүл Иманбаеваға көпбалалы ана қолындағы бриллиант білезігін шешіп берді
Желі қолданушылары 20 жыл бұрын ажырасып кетсе де, әлі күнге дейін араласатын Сәбит пен Айгүлдің қарым-қатынасын көпке үлгі етті.
“Айгүл сондай ақылды әйел”, “Айсұлу Алтынайдың қыздарынан аумайды екен”, “Қос енесі де тойға келіпті”, “Қандай керемет көрініс”, “Бір-бірін жек көретін әйелдерге үлгі”, – деп жазды көпшілік.

"5 балам бар": Алматыда хостелдегі 13 адамның өліміне қатысты сотта айыпталушы бас бостандығынан айырмауды сұрады
