"Алтыналмас" АҚ жауапкершілігі мол бизнес үлгісі: Компания "Ел Үні – 2024" рейтингтік жобасында жеңіске жетті
Қазақ тіліндегі ең ірі ақпараттық портал Stan.kz екінші жыл қатарынан өңір тұрғындарының пікірін зерделеуге бағытталған "Ел Үні – 2024" рейтингтік жобасын іске асыруда. Осы жоба шеңберінде компаниялардың рейтингі дауыс беру арқылы айқындалды. Халық дауысы арқылы өндірістік компаниялар арасында жеңімпаз таңдады. Нәтижесінде "Алтыналмас" алтын өндіруші компаниясы көш бастады.
Өз таңдауын жасай отырып, халық компаниялардың жұмысын ғана емес, басымдығын, даму стратегиясы мен игі істерін басшылыққа алды.
Жұртшылықтың пікірінше, "Алтыналмас" тау-кен өнеркәсібі көшбасшыларының бірі ғана емес, сонымен қатар өз қызметін жүргізетін, қызметкерлерге қамқорлық жасайтын және экологиялық бастамаларды қолдайтын өңірлерді дамытуға белсенді инвестиция салатын компаниялардың әлеуметтік бағдарланған тобы. Қазақстанның төрт облысында тоғыз кен орны мен активтерді басқаратын компания орнықты даму мен корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің үлгісін көрсетеді.
"Қоғамның бұл бағалауы компанияның жоғары жұмыс стандарттарына адалдығын растайды. "Алтыналмас" АҚ компанияның табысы қоршаған ортаға көңіл бөлмесе және қоғамның тұрақты дамуынсыз болмайтынын түсінеді. Бұл тәсіл компанияны Қазақстандағы жауапкерпшілігі мол бизнес үлгісіне айналдырады", – деді Stan.kz ақпарат агенттігінің даму жөніндегі директоры Шыңғыс Мәдібек.
Дауыс беру рейтингіне ел экономикасы мен халықтың жағдайына елеулі үлес қосып жүрген Қазақстанның 9 жетекші өндіруші компаниясы қатысты. Олардың ішінде: "Qarmet" АҚ, "Қазақмыс" корпорациясы, "Қазмырыш" АҚ, "ERG", "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК, "KAZ Minerals", "Теңізшевройл" болды. "Алтыналмас" бұл тізімде ең көп дауыс жинады.
"Компания даңқты дәстүрлерді одан әрі жалғастыруға және өзінің алтын өндіруші кәсіпорындарын дамытуға, өндіріс пен адами ресурстарға инвестиция салуға, барлығына қолайлы жағдай жасауға және өндіріс орналасқан өңірлердің қоршаған ортасы мен болашағына қамқорлық жасауға ниетті. Алдымызда халықтың қолдауымен жүзеге асыратын міндеттер тұр", - деп қорытындылады компания.
"Алтыналмастың" ендігі мақсаты өнімділікті арттырып, өз қызметкерлері мен өңірлерді одан да үлкен мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар жер қойнауының әлеуетін баршаға сезіндіру.
"Алтыналмас" АҚ- ны "Ел Үні-2024" жобасындағы жеңісімен құттықтаймыз! Компанияға өз саласында табыс, жаңа жетістіктер мен көшбасшылық қабілеттерін одан әрі нығайтуын тілейміз!