Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Altel және Алматы қаласының прокуратурасы SIM KIDS жобасын ұсынады


Altel және Алматы қаласының прокуратурасы цифрлық кеңістікте балаларды қорғауға арналған SIM KIDS жобасын сәтті сынақтан өткізіп, ресми түрде іске қосты.

"Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС (Tele2/Altel брендтері) Алматы қаласының прокуратурасымен бірлесіп, SIM KIDS жобасының іске қосылғанын мәлімдеді. Бұл балаларды интернеттегі зиянды контенттен қорғайтын арнайы бүлдіршіндерге арналған SIM-карта.

SIM KIDS – оператор мен прокуратура арасында биыл наурыз айында қол қойылған ынтымақтастық меморандумы аясында әзірленген жаңа өнім.

Бастаманың мақсаты –  суицидті насихаттау, порнография, есірткі, онлайн-казино және басқа да интернеттегі қауіпті ресурстардан кәмелетке толмағандарды қорғау, сондай-ақ киберқылмыспен күреске қолдау көрсету.

SIM KIDS төмендегі функцияларды қамтиды:

- Интернет трафигін сүзгіден өткізу: Тек рұқсат етілген сайттарға ғана қолжетімділік;

- Ата-ана баланың қандай қосымшаларды қолданып жатқанын көріп отыра алады;

- Құрылғыға түскен қоңырауларды жазу және тыңдау мүмкіндігі;

- Телефон үнсіз режимде болса да, балаға қоңырау шалу мүмкіндігі;

- Kid Security қосымшасына қолжетімділік (тарифке кіреді).

SIM KIDS жобасының артықшылықтары:

- Интернет трафигін сүзгіден өткізу және қоңырауларды жазу үшін арнайы қосымшаларды орнату қажет емес;

- Орыс және қазақ тілдерінде толықтай ыңғайланған;

- Жобаға Алматы қаласы прокуратурасы деңгейінде қолдау көрсетіліп жатыр. 

Фото: Аубакиров Батыр 

"SIM KIDS жобасы – Altel мен Алматы қаласының прокуратурасы арасындағы табысты ынтымақтастықтың нәтижесі. Қол қойылған Меморандум аясында біз тұрақты түрде кездесулер өткізуге, тәжірибе алмасуға және инвестицияларды қорғау, әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру мен киберқылмыспен күресу бағытында бірлескен шешімдер әзірлеуге келістік. SIM KIDS – бұл бағдарламаны жүзеге асырудағы өте маңызды қадам. Жобаның басты мақсаты – Қазақстан балалары үшін қауіпсіз цифрлық орта қалыптастыру", – деді "Мобайл Телеком-Сервис" компаниясының бас директоры Александр Бабичев.

SIM KIDS-ті Altel компаниясының ресми кеңселерінде өте қолжетімді бағада – айына 2990 теңгеге сатып алуға болады. Тарифке Tele2/Altel желісі ішінде шексіз қоңыраулар, 5 ГБ мобильді интернет және Қазақстан бойынша басқа мобильді операторлар мен қалалық нөмірлерге 30 минут қоңырау шалу мүмкіндігі кіреді. Қызмет жаңа нөмірлерге де, сондай-ақ қолданыстағы нөмірді Altel желісіне ауыстырған жағдайда да қолжетімді.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 02 Маусым, 2025 20:23
Талқылау