Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алтай Көпей АҚШ-та не себепті қымбат пәтер жалдап, көлік сатып алғанын түсіндірді

“Комсомольская правда” басылымының журналистері АҚШ-тың Хьюстон қаласында қатерлі ісіктен емделіп жатқан Әлима Көпейдің әкесі Алтай Көпеймен хабарласып, мән-жайды сұрады. Алтай Көпей ем үшін елден жиналған ақшаға керемет өмір сүріп жатыр дегендерге жауап берді.

Бұған дейін Алтай Көпей еріктілер мен меценаттар, қарапайым азаматтар аударған қаражатты қалай жұмсағаны үшін есеп бермейтінін айтқан еді.

Айтуынша, отбасы шынында да бассейні мен консьержі бар Vargos пәтерін жалдап тұрып жатыр. Себебі қызы емделіп жатқан MD Anderson емханасы сол маңда орналасқан.

“Ол жақта пәтер 1000$-дан басталады. Біз қоңыз бен таракан толы үйшікте тұрған жоқпыз. Оңтүстік жағында пәтер арзан, бірақ есірткі шегушілер, атыс жасаушылар көп. Көбіне латындықтар мен афроамерикалықтар жүреді”, – дейді Алтай Көпей.

Айтунша, пәтерді жеңілдікпен алған.

“Америкада пәтер жалдау үшін хабарландыруды қарағанға да 200 доллар ақша алады. Бірақ Vargos бізден ол 200 долларды алған жоқ. Ол жақта Қазақтаннан барғандар тұрды. Солармен біріккендіктен 500 доллар қайтарылды. Бірінші ай тегін тұрдық. Себебі демалыс маусымы әлі асталмаған еді. Сонымен қатар бұл елде екі отбасы бір пәтерде тұра алмайды. Бірақ Айжан мен Әлима үнемі емханада болғандықтан бізге рұқсат берді. Пәтер жалдау құны барлығы – 1290 долларға шығады. Жеңілдікпен 1100 доллар. Бұл Америка үшін ең арзан баға”, – дейді ол.

Алтай Көпей одан бөлек ақшаның жол-пұлына қалай жұмсалатынын айтты.

“Автобус пен таксиге ақша көп кетеді. Бір миля үшін таксиге 2.60$ төлейсіз, емханаға дейін 12 миля. Барып-келгенде 70$. Автобусқа 1.50$ кетеді. Екі сағаттан көп жүреді. Көлікпен 20-25 минутта жетесіз. Бензин бір галлонына 2.50$. Көлік 6 мың доллар тұрады. Менде отбасылық микроавтобус. Одан басқа көлік жоқ. Айтқым келгені, мен жұмыссыз отырған жоқпын”, – дейді ол.

Алтай Көпей желідегі парақшасында қызы Әлиманың жарасын алып, емханадан шыққанын, қызының тәуір болып қалғанын жазған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау