"Әлсіздік байқалды": Шенеуніктер вакцинациядан кейінгі жағдайлары туралы айтты
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов пен ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният "Спутник V" вакцинасынан кейін әлсіздікті сезінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"1 қаңтардан бастап 5 700 медицина қызметкері вакцина алды. Біз вакцинациядан кейінгі асқыну жағдайлары туралы ақпарат жинастырып жатырмыз. Ерлан Аңсағанұлымен (Қиясов - ред.) осы екпені алдық. Бірінші күні әлсіздік байқалды.
Вакцинаны алған көптеген әріптесім бірінші күні әлсіздік белгілері туралы айтады. Талдықорғанда болған жағдайдан басқа, бізге күрделі аллергиялық реакциялар туралы ақпарат келген жоқ, - деді Ғиният ОКҚ брифингінде.
Еске салсақ, 1 ақпаннан бастап мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда "Спутник V" ерікті вакцинациялау науқаны басталды.
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеге орай қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген