Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үнсіздігімді төмен бағаламаңыздар!" Режиссер Ақан Сатаевтың екінші әйелі өзін қорлағандарды сотқа бермек

Альмира Тұрсын қазақстандықтарға ескерту жасадыФото: https://www.instagram.com/almiratursyn/

Танымал режиссер Ақан Сатаевтың екінші жары әрі актриса Альмира Тұрсын өзін қорлағандарды сотқа беретінін ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Актриса әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, жаңа оқырмандарына өзі туралы ақпарат берген.

“Барлық жаңа жазылушыға және “қарап көріп жүргендерге” сәлем! Бәлкім, менің парақшама қызық іздеп келдіңіздер, әлде “тергеу” үшін бе? Жақсы, қош келдіңіздер, ыңғайлы орналасыңыздар! Өз блогымда мен өз қызметім мен қызығушылықтарым туралы көрсетемін және айтып беремін – коучинг, кәсіби бағдар, психология, эзотерика, шығармашылық жобалар, оқитын кітаптарым, шабыт беретін нәрселер… ештеңе жеке емес, тек пікірлес адамдарға қызық және пайдалы болуы мүмкін нәрселер! Мен ашықпын және келесі тақырыптарды талқылауға қуаныштымын: білім, мәдениет, кітаптар, музыка, кино, әртүрлі шығармашылық көріністер, даму мен дәстүрлер, ата-аналық және ана болу, өмір, мәңгілік”, – деп жазған ол.

Ол сондай-ақ өзіне және жеке өміріне тіл тигізетіндерге ескерту жасады.

“Сыртқы келбетім мен жеке өміріме қатысты өз ойын немесе сұралмаған кеңесін сыртқа айтуға тырысатындарды елемеймін және бұғаттаймын. Себебі шекара мен субординация бар! Аса қауіпті және “аусар” адамдар, жалған парақшадан жазып, қорлауға тырысатындар – бәрі жазылады, скриншоттар жасалады. Кез келген уақытта бұл сотқа ұсынылуы мүмкін: абырой, қадір-қасиет пен кәсіби беделді қорғау туралы бап бойынша, сондай-ақ желіде жалған және қорлайтын ақпарат тарату дәлелденуі мүмкін”, – деп жазды ол.

Актрисаның сөзінше, пікір тіпті жалған парақшадан жазылған күннің өзінде сот арқылы оның жеке басын анықтауға болады.

“Ерекше ескерту: тіпті анонимді немесе жалған парақшаны қолданған жағдайда да, автордың тұлғасы сот тергеуі барысында анықталуы мүмкін (тіркеу және техникалық деректер бойынша). Өйткені пікір білдіру еркіндігі шындыққа жанаспайтын ақпарат тарату, ар-намыс және қадір-қасиетті кемсіту, жария кеңістікте қорлау секілді әрекет үшін жауапкершіліктен босатпайды. Мұндай әрекеттер үшін заң бойынша әкімшілік жауапкершілік, азаматтық-құқықтық жауапкершілік, моральдық зиянның өтемақысын өндіру, сот шығындарын өтеу және терістеу (жалған ақпаратты жоққа шығару) міндеті көзделген. Сондықтан менің үндемей отырғанымды және сөздер мен әрекеттер үшін құқықтық жауапкершілігімді төмен бағаламаңыздар!” – деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Альмира Тұрсын Назира Бақаеваның даулы сұхбатынан кейін мәлімдеме жасағаны хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Бейсенбі, 15 Қаңтар, 2026 15:23