"АЛМЭКС" холдингі Halyk Bank акцияларын қайтадан нарыққа шығарады

Фото: Finratings.kz
"АЛМЭКС" холдингі Halyk Bank акцияларын ішінара сатуды жоспарлап отыр. Бұл туралы KASE хабарлады.
"АЛМЭКС" холдинг тобы” АҚ – Halyk Bank-тің негізгі акционері банк акцияларын екінші рет ашық нарықта сатуды қарастырып жатыр. Олардың мақсаты – Halyk Bank бағалы қағаздарының өтімділігін арттыру. Саудаға шығару туралы толық ақпарат сол уақытта жарияланады.
2025 жылғы шілдедегі мәлімет бойынша, Halyk Bank қаржы тұрақтылығын сақтап отыр. Базалық капиталдың бірінші деңгейі (CET1) – 18,1%. Банк капиталының табысы да жоғары деңгейде. Сонымен бірге банк жергілікті және шетел инвесторлары базасын сапалы түрде сақтауға ұмтылады.
Акцияларды екінші рет сату – жаңа инвесторларды тартудың жолы. Бұл банкке жаңа қаржы көздерін әкеліп, Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының дамуына ықпал етеді.
Halyk Bank мұндай қадамды 2019 жылы жасаған. Ал биылғы бастама – банк ауқымының және оның тұрақты екенінің дәлелі. Акциялардың қайтадан биржаға шығуы еліміздің қаржы секторының өсуіне, капитал нарығына деген сенімнің артуына және Қазақстанның өңірлік инвестициялық орталық ретіндегі беделінің нығаюына оң ықпал етеді.
"Бағасы Еуропадан 10 есе төмен": Қазақстанға БАӘ, Ұлыбритания, Германиядан шетелдіктер медициналық көмек алуға келеді