Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар неге жарықсыз қалды

Алматы қаласында жоғары вольтпен қамтылған аудандар жарықсыз қалды.

Сурет: Сергей Мальгавко

Бейсенбі күні Алматы қаласының үш ауданында жарық сөніп қалды. Бұған апатты жағдай себеп болған екен. Бұл ақпаратты “Алматыэнергосбыт” call-орталығы растап отыр. Аталған компанияның айтуынша, 110 жоғары вольт желісімен қамтылған Алмалы, Әуезов және Бостандық аудандарында жарық сөніп қалған.

Артынша “Алатау Жарық компаниясы” сағат 15:55-те көп бөлігі, 16:17-де үйлердің қалған бөлігі қайта жарықпен қамтылғанын хабарлады. Технологиялық бұзылуларға қатысты комиссия құрылып, жұмыс істеп жатыр.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанда шенеуніктерге қымбат иномарка сатып алуға тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда соңғы екі жылда телехикая түсіруге 153,5 млн жұмсалған

ШҚО-да сот үкімін естіген бұрынғы шенеунік есінен танып қалды

Алматы орталығында жарық өшіп, ұзын сонар кептеліс пайда болды

Талқылау