Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар базарды алып кеткен алапат сел тасқынын таспаға басып алған (видео)

Бір аптадан астам уақыт бойы жауған қалың қардан кейін Алматының ауа-райы күрт жылынып кетті. Желтоқсан айында жылынған табиғат, қалада су деңгейінің артып кетуіне себеп болып отыр.

8585

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Куәгерлер сарқырап аққан суды видеоға түсіріп алған. 3 желтоқсан күні синоптиктер күрт жылынуға байланысты 4-5 желтоқсан күндері Алматы облысы аумағында сел жүру қаупі туралы да ескерткен еді.

4 желтоқсан күні Ақсай, Кіші Алматы, Есентай, Жарбұлақ, Тіксай т.б. өзендердегі су деңгейі көтерілген.

“Таңертең “Жібек Жолы” базары аумағында су алу жағдайы туралы хабарлама келіп түсті. “Ақсай” өзені ағатын арық желісі қар мен жаңбыр суына толып қалған. Көтерілген су деңгейінің жалпы аумағы 1000 шаршы метрге жетті”, – деп хабарлады қалалық құтқару қызметі.

Ал тұрғындар түсіріп алған бейнежазба ZTB парақшасында жарияланған.

Рынок Жибек-Жолы, Алматы.

Видео опубликовано 🇰🇿© ZTB.KZ 2016 (@ztb_video)

“Қазгидромет” болжамынша, Алматыдағы жылы ауа-райы аптаға созылып, ауа температурасы 11 градусқа дейін көтерілмек.

Оқи отырыңыз:

Қарағандылық әйел 8 жасар қызына педофил хабарласып маза бермейтінін айтып шағымданды

ІІМ WhatsApp арқылы тараған маньяк жайлы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

Жаманқұловтың жұбайы: Мұның бәрі кімнің тапсырысы екені белгілі

Елімізде заңды ажырасып бір шаңырақ астында тұра беретін отбасылар пайда болған

Талқылау