ІІМ WhatsApp арқылы тараған маньяк жайлы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады
ҚР Ішкі істер министрлігі WhatsApp желісінде маньяк туралы таралған ақпарат жөнінде жауап берді.

«Алматы және Қарағанды облыстарында белгісіз маньяктың балаларды ұрлауға тырысқандығы жайлы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл ақпарат – ескі. Оны 2014 жылы тексергенбіз. Ақпараттың біздің елге еш қатысы жоқ. Алаңдауға ешқандай себеп жоқ. Мемлекет аумағында кәмелет жасқа толмағандарға қатысты ашылмаған қылмыстық әрекеттердің тіркелмегендігін ресми түрде мәлімдеймін», – дейді департамент директоры Алмас Садубаев.

Ол ел заңнамасына сәйкес жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке апарып соғатынын кезекті рет ескертті.
«Қазіргі уақытта ақпараттың таратылу көзін анықтау бойынша шаралар қолға алынуда», – дейді Алмас Садубаев.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады