Алматылық Жұлдыз Ерманованы қалыңдық ретінде алып қашқан болып шықты
Алматы ІІД жедел-тергеу тобы жоғалып кеткен Жұлдыз Ерманованы іздеп тапты. Қазір полиция одан жауап алып жатыр,- деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«1998 жылы туған Жұлдыз Ерманованы іздеу мақсатында құрылған жедел-тергеу тобы қыздың қайда екенін анықтады. Қазір одан жауап алынып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша қыз үйден өз еркімен кеткен», – деп хабарлады Алмалы ауданы ІІБ бастығының міндетін атқарушы Рүстем Әбдірахманов.
Жұлдызды іздеуге қатысқан еріктілер әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ. Белгілісі, қыз аман-есен табылған.
Сонымен қатар, Жұлдыз Ерманованың әпкесінің Instagram-дағы жеке парақшасында пікір білдірген Айнұр Байназарова қызды 1 тамыз күні алып қашып кеткенін жазыпты. Қазірге Жұлдызды қандай жігіттің алып қашқаны, ол жерде келін болып қалды ма жоқ па ол жағы белгісіз.
Естеріңізге сала кетейік, Жұлдыз Ерманова 1 тамыз күні кешке қарай үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған.