Алматылық экстремал келіншек сәбиін кеуде қалташаға салып алып мопед айдады (видео)
Алматыда кішкентай баласын сөмкеге салып алған мопед жүргізушісі бейнебақылау камерасына түсіп қалды.
Бейнежазбадан қиылыста барлығы тоқтап тұрған кезде жас келіншектің бағдаршамның қызыл түсіне қарамастан өте шыққаны байқалады. Жолсапар кезінде әйелде де, балада да ешқандай сақтандыру заттары болмаған.
“2017 жылы 18 маусым күні Рысқұлов даңғылының бойында баласын кеудеге асатын қалташаға салып алып, мотоцикл айдаған әйел көзге түсті. Олардың ешқайсында шлем болмаған. Әйел баласының өмірін қатерге тігіп, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетті”, – деп жазады видео авторы.
Оқи отырыңыз:
Намаз уақытында көшеде азан шақырған ит жұртты таңғалдырды (видео)
Жүргіншілер әйелдің көше бойында босануы үшін жағдай жасады (видео)
Францияда жүргізушісі жоқ мотоцикл бірнеше шақырымды жүріп өтті (видео)
Алматыда әйел адамның бөтен баланы аямай ұрып жатқан сәті жарияланды (видео)