Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық келіншек: Анам ағаларыммен қосылып арақ ішеді

Анасының ішімдікке салынуын тоқтата алмаған алматылық келіншек жұрттан көмек сұрады.

чв

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

29 жастағы Дина ішімдікке салынған анасы туралы айтты. Өзінің үш ағасы бар. Ағаларының бірі ертеректе қайтыс болып кеткен. Қалған екі ағасының жасы 50-ге таяп қалса да, анасымен қосылып ақ су ішеді.

“Анамның ішімдікке салынғанына 20 жыл болды. 1993 жылдан бастап той-томалақтарда салынып ішуді әдетке айналдырды. Қыз бала болған соң, іштей қатты намыстанатынмын. Өзі мектепте жұмыс істеді. Сол жерде жүріп құлап қала беретін. Жұрт “Шешең көшеде жатыр, өстіп жатыр. Дүкеннен арақ сұрап жүр” деп бетіме басатын. Ағаларымның өзінің отбасылары бар. Анамның қолында жалғыз қалдым. Бүкіл ауыртпашылық пен жауапкершілік маған түсті. Әрине, өз анамды жамандамаймын. Бір жағынан мен көргенді басқалар білсе, ата-аналар ойланатын шығар. Анам бір ішсе, апталап, айлап ішетін еді. Мектептен үйге келе жатып, “Үйде тыныштық болса екен. От жанып тұрса екен.

Мені ұрмаса екен” деп қана тілейтінмін. Үйге келсем, мені анам араққа жұмсайды. “Мен сені таптым, бақтым” деп міндет қылады. Мұндай өмірге әкелген екен маған қорлық көрсетпесін! Талай мәрте өліп, осы азаптан құтылғым келді. Бірақ мен өлсем, кімнің несі кетеді? Мектепте өте жақсы оқыдым, қоғамдық жұмыстарға белсене ат салыстым. Тамақтан кем болмадым. Алайда үйде ақша болмай қалса, анам дүние-мүлкімізді сатуға кірісетін. Сау күні алдымнан шықса, жұмаққа кіргендей күй кешетін едім. Мұны сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Студент кезімде оқудан шығып кеттім. Анам жалғызсырамасын деген ой болды. Қу араққа ағаларым да салына бастады. Бәрі осыған әуес болды. Қазір өзі қатты ауырып жүр. Ағаларымның әйелдері кетіп қалды”, – дейді Дина.

Келіншек аталған бағдарлама арқылы анасына көмек сұрады. Ішімдігін қойдырып қана қоймай, денсаулығын қалыпқа келтіруі керектігін айтты.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Психолог еркектердің не себепті көңілдес іздейтінін ашып айтты

Қазақстан мен қазақстандықтардан көңілі қалған туристер: 4 оқиға

Серік Абас-шах тоқалымен елді құтқармақ болған Қыдырәліні әжуалады

Қазақстандық әйел туған қыздарын зорлап келген күйеуі туралы айтты

“Генерал келін” енесін жаңа түскен абысынынан қызғанып жүр

Талқылау