Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық блогер көшедегі бейтаныс әйелдерге ерекше сыйлық жасап қуантты (фото)

Алматылық блогер Әділет Рахметолла әйелдерге тосыннан гүл сыйлап қуантты. Сондай-ақ, ол жолында кездескен әйелдердің сыйлық алғанға дейінгі және кейінгі бейнесін суретке түсіріп алыпты, деп хабарлайды Stan.kz.

Блогер ерекше әрі жылылыққа толы суреттерін Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

“Бейтаныс жан сізге өте сұлу екендігіңізді айтып, гүл сыйласа қандай сезімде болар едіңіз?! Мұндай тосын әрекет жұмыс барысындағы адамға қалай әсер етпек? Халықаралық әйелдер күні қарсаңында бұл сұрақтың жауабын анықтап көруге тырыстым. Шара барысында мен әртүрлі қызметтегі әйелдерді суретке түсіріп, кейін: “Сіз сондай әдемісіз. Мына гүл сізге”, – деп ілтипатымды білдірдім. Және ол кісілердің жүздеріндегі бақыт пен таңқалысты камера объективіне түсіріп үлгердім”, – деп жазды блогер.

“Әрине, фотоаппаратты көрген кезде қашқақтап, бас тартқан жандар аз болмады. Алайда, мен өзімнің кәсібилігімді іске қосып, қажетті кадрларды табуға тырыстым. Кім де болса көше сыпыруға қуанып шықпасы анық қой. Мысалы, көше сыпырып жүрген тәтеміз әуелі қарсы болды. “Біз түсіру керекпіз. Бізге сондай тапсырма түсті”, – деп жәй ғана түсіріп алдым! Кейін “Сіз сондай сұлусыз. Бақытты болыңыз!” – деп қолымыздағы гүлді ұсынған кезде қуаныштан жүзі бал-бұл жайнап кетті.

Самса сататын аруға: “Сіз сұлусыз. Мына гүл сізге”, – деп сыйлаған кезде мүлдем сенбеді. “Қазір түсірілімнен кейін алып кетесіздер ме? Шынымен де маған ба?” деп таңқалып біраз түсінбей тұрды”, – дейді алматылық блогер.

“Фотомоделдерімнің арасында “гүл алмағалы 5-6 жыл болып еді. Мынау бір бақыт болды ғой” деп қуанғандар да, “тоңып жүргенде жаныма жылу сыйладыңыздар” деген әпкелеріміз де, “өзіңнің ақшаңа сатып алдың ба? Қап, бекер шығындалдың ғой”, – деп қалтамызды аяған жандар да болды.

Ең бастысы, сыйлықтың бағасы емес, мейірімділіктің маңызды екенін сезіндік. Өздеріңіз фотосуреттерге мұқият қарасаңыздар, жылы сөз әйелдерді ерекше әрлейтінін сөзсіз түсінесіздер. Сондықтан, айналаңыздағы нәзік жандыларға жиі ілтипат көрсетіп, махаббатқа толы жылы сөздеріңізді айтудан шаршамаңыздар”, – деп жазды Әділет Рахметолла.

Оқи отырыңыз:

Баян Мақсатқызы: Ер адамды әйелге саусағының ұшын тигізе алмайтындай етуіміз керек

Әли Оқапов Вьетнамда бірге демалып жүрген қыздың кім екенін ашық айтты

Баян Алагөзова: Әйелдер күйеуіне тоқал алуға рұқсат бермесе, олар бәрібір көңілдес болып кездесе береді

Баян Алагөзова атышулы Байзақованы жылқыға теңеді (видео)

Талқылау