Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық ару: Пәк болмағаным үшін қорлық көріп келемін

Алматылық бойжеткен басынан өткен оқиғасын баяндап берді. Айтуынша, мектеп кезінде жол апатына түсіп, ауыр жарақат алған. Осының салдарынан қыздығына зақым келген екен. Әйгерім есімді бойжеткеннің жазбасын Facebook желісінде Айдана Кенжеғалиева есімді қолданушы бөлісті.

00джзщд

“Мен қолдауларыңызға зəрумін. Жасым 24-те. Тұрмыс құрмағанмын. Бірақ пəк те емеспін. Мектеп оқып жүргенімде жол апатына түсіп, ауыр жарақат алғанмын. Алғашында мəн бермейтінмін. Мектеп бітіре келе қыздықтың маңыздылығын түсініп, гинекологқа бара беретін болдым. Пəктігің жоқ деп айтатын бəрі. Бірақ арым таза еді.

Студент болдым. Пəктігім болмағасын жігітпен жүруге де қорқатынмын. Бірақ бірінші курсты аяқтардан сəл алдында көшеде бір жігіт көлігіне салып алып кетті. Ол жігіт 3 курс оқитын. Маған «Сені жақсы көремін. Сені үйге апараын» деді. Мен шу шығардым. Сонда пəктігім жоқ екенін білсе, əке-шешем жұртқа масқара болады деп қорықтым. Көлікті жалынып тұрып жарты жолда тоқтаттым. Оған бəрін түсіндіріп айттым. Бірақ, ол түсінеді деген ойым қате болып шықты. Ол сол көлікті айдалаға апарып маған күш көрсетті. Жан-айқайымды ешкім естімеді.

Қорыққанымнан талып қалыппын. Есімді жинасам, көліктің ішінде жатырмын. Барлық жерім ауырып тұр. Ол алдында отыр. “Не істедің?” деп жыладым. «Пəктігіңді тексердім, шынымен жоқ екен. Оқуда періштедей пəк болып жүргеніңе саған ойым кетіп еді. Сөйтсем сайқал екенсің» деп мені өмірден түңілдіріп жіберді. Өзімді жек көре бастадым сол сəттен. Шынымен пəктігімді сол адам алғандай өмірден түңіле бердім. Қол да жұмсадым өзіме талай рет. Тірі қалдым. Психолог та көмектеспеді. Əкемнен қатал тəрбие алғасын, оны сотқа да бере алмадым. Әке-шешемнің абыройын ойладым.

Сонымен уақыт өте берді. Мектеп кезден сезімін білдіріп жүретін бір жігіт бар еді. 3 курсқа өткенімде үйленуге ұсыныс жасады. Мені шынымен сүйді деп ойладым. Себебі 6 жылдай өзгемен жүрмей, тек мені жақсы көрді. Ол түсінер деп басымнан өткенді айтып бердім. Ол да «əркіммен жатып алып, енді маған жылап тұрсың ба» деп сөздермен қорлап тастады. Содан 2 ай өтпей тағы бір жігіт сезім білдірді. Оған да шындықты айтам деп тұрғанда ол «сен ешқандай жігітпен жүрмеген пəк қызсың, үйіме адал қылып алып барғым келеді» деп үмітімді қайта сөндірді. Намазхан жігіт еді. Одан сол кезде бас тарттым. Тым жуас болып, өзіме қарап, үнемі көңілді жүретін болған соң көп жігіттің есі кететін. Бірақ түнімен жылап шығатын едім.

Алдымда кездескен жігіттердің бəрі пəк қыз алғысы келетіндігін айтатын. Мен, тіпті, шындығымды бəріне айтуға қорқып қалдым. Алдап, жасанды қыздық салдырып тұрмысқа шыққым келмейді. Өзімді ешкімге керексіз сезінемін. Жұмыспен ғана алданамын. Əкем-анам “Тұрмысқа шықпайсың ба?” деп сұрай береді. Мен қорқамын. Біреуге тиіп, неке түні бəріне масқара болудан. Әке-шешемнің абыройы төгілуінен қорқамын. Сөйтіп жүріп 24-ке келдім. Әбден көңілім қалды жігіттер қауымынан. Пəк қызды алғысы келетіндігі дұрыс-ау. Алайда мені неше түрлі жүргіш қыздарға ұқсататыны жаныма қатты батады.

«Сұлулығын сатып, тұрмысқа шығатын кезде жасанды қыздық салдырамын» деген қыздарды да көргенмін. Бірақ олар сияқты өмірімді өтіріктен бастағым келмейді. 7 жылдың ішінде қанша жігіт тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады. Мен алғашқы 3-еуіне қыздығым жоқ екенін айтқанымда, жер-жебіріме жетіп сөздермен намысымды таптап тастаған. Бəріне айта берсем, бүкіл жұртқа масқара боламын деп басқа ешкімге тіс жармай тек қарсы бола бердім. Ата-анама ешкім ұнамайды деумен ғана келемін. Құрбыларымның балдарының алды мектепке барады. Не істерімді білмей қалдым. Алладан үнемі тілеп жүремін, жанымды түсінетін жанға жолықтыруын. Мен де тұрмысқа шығып, ана болғым келеді. Бір жанның құшағында шынайы бақытты, əлсіз болғым келеді. Мықты болудан шаршадым… Ұзақ болса кешірім өтінемін…” – дейді Әйгерім ханым.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Сәбиінің үлкен дәретінен қан шығатын әйел мамандардан көмек сұрады

Жыныстық жолмен індет жұқтырған жігіт мүшеқапқа сенбеуге шақырды

Жолдасынан ЖҚТБ жұқтырған келіншек сәбиінің аман-есен туылғанына қуанған

Күйеуі жұмыстан 5 минутқа кешіккені үшін сабаған әйел көрген қорлығы туралы айтты

Талқылау