Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы жол апатында екі азаматтың өліміне себепкер болған азамат ұсталды

Алматыдағы жол көлік оқиғасы кезінде екі жаяу жүргінші қайтыс болды. Жол апатына  мамандандырылған күзет қызыметі басқармасының қызметкері себепші болған.

жол-апаты

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары жазған.

Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі  жол көлік оқиғасының салдарынан екі азаматтың қайтыс боғанын хабарлады.

«Алматыдағы Жетісу ауданында BMW көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып Daewoo Matiz көлігін соққан. Ол  Жангелдин көшесінің бойымен келіп  Сидоркинге бұрылмақшы болған. Соққының кесірінен ұшып түскен Daewoo Matiz көлігі жол жиегіндегі екі жаяу жүргіншіні  басып өткен. Daewoo Matiz  адамдардан бөлек жол бойындағы тұрақта тұрған екі көлікті соққан»,-делінген қалалық ІІД баспасөз қызметінен келген хатта.

Екі адамның өмірін қиған жол апатына қатысты қазір сот алды тергеу ісі басталып кетті. Онда оқиға куәгерлері, соқтығысқан екі көліктің қожайындары сұралып жатыр.

Қайғылы оқиғада қателікке бой алдырған  Алматы мамандандырылған күзет қызыметі басқармасының қызметкері болып отыр. Ол оқиға орнында ұсталған. Қазір уақытша қамау абақтысына жабылған. Істің жай-жапсары анықталғаннан кейін оған сот үкімі бойынша шара қолданылады.

 

 

Талқылау