Алматыдағы “Жетісу” қонақ үйі өртке оранды (видео)
Алматыда “Жетісу” қонақ үйінде тұтанған өрт сөндірілді. Бұл жөнінде ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді.
Иманқұловтың мәліметінше, қонақ үйде өрт жалындап, 70 қызметкер өз еркімен ғимараттан шыққан. Жанындағы кафеден 50 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Өрттің аумағы 3500 шаршы метрді құрайды. Құрбан болғандар жоқ.
Фото: ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен
Өрт сөндіруге 130 адам мен 28 техника құралы жұмылдырылды.
Талқылау