Алматыдағы сауда үйінің 3-қабатынан құлаған бүлдіршін жансақтау бөлімінде жатыр
Алматыда бір жасар қыз бала “Март” сауда орталығында үшінші қабаттан құлап кетті, қазіргі уақытта сәби жансақтау бөлімінде жатыр.

“Баланың хәлі ауыр, алған жарақаттары ауыр. Ол жансақтау бөлімшесінде жатыр”, — деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне №1 қалалық балалар ауруханасынан.
Полиция бұл жағдайды жазатайым оқиға ретінде тіркеген.
“Аталған факті Түрксіб ауданының ішкі істер басқармасында тіркелді. Басқа жағдайларды анықтау бойынша кешенді шаралар жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша бұл жазатайым оқиға”, — деп хабарлады Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, сауда орталығында эскалатормен көтеріліп келе жатқан анасының қолынан сәбиі түсіп кеткенге ұқсайды.
Тағы да оқыңыз:
Қазақстан Қырғызстандағы президент сайлауын бақылаудан бас тартты
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі