Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы сауда үйінің бірі кепілге алынды деген ақпарат жоққа шығарылды

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті полицейлерге шабуылдаған теріс пиғылды адамдардың қаладағы сауда орталықтарының бірін кепілге алды деген ақпаратты жоққа шығарды.

12556818

Сурет: © REUTERS

Бұған дейін жергілікті БАҚ Алматы сауда үйінің кепілге алынғаны жөнінде хабарлаған еді.

«Бұл теріс ақпарат, ондай сыбыстарға сенбеңіздер», – дейді қызмет өкілі.

Дүйсенбі күні Алматыда террорлық қауіптің қызыл деңгейі енгізілді. Қалада террорға қарсы шаралар жүріп жатыр.

Бұған дейін хабарланғандай белгісіз ер адам Николь базарында атыс жасаған еді. Атыстан полицейлер ауыр жараланғанын хабарлаған едік. Алматының бірнеше аудандарында атыс дауыстары естілгенін де хабарлаған болатынбыз. Алматыдағы атыстан жараланғандар лек-легімен ауруханаға түсіп жатыр. Алматыдағы террорға қарсы операция:қалалықтардың үйлерінен шықпаулары қатаң ескертілді.

Сондай-ақ, тәртіп сақшыларына оқ атқан күдіктінің бірі қолға түскен болатын.

Талқылау