Алматыдағы егіз балалардың өлімі: Ата-анасының аман қалған үлкен ұлының тағдыры не болмақ
Биылғы жылдың қыркүйек айында Алматыдағы пәтерлердің бірінде бір жастағы егіз балаларды өлтіру оқиғасы тіркелген еді. Қылмысқа ата-анасы күдікті болды.
Білім беру басқармасының өкілі Айткүл Кемебаеваның айтуынша, 2 жасар бүлдіршін қазір балалар үйінде. Онымен күн сайын психологтар жұмыс істеуде. Ол өзін жақсы сезінеді. Бірақ әлі тілі шықпаған, деп хабарлайды Sputnik.
Кемебаеваның айтуынша, Өзбекстаннан баланың атасы келген. Алайда 3 аптадан бері хабарсыз кетіпті.
Сот шешімі шыға салысымен бала ата-анасның қарауынсыз қалған деген статус алады. Сол кезде баланы өзге отбасы асырап ала алады.
Қылмысқа күдікті Гильмутдинов баланың биологиялық әкесі болуы мүмкін. Бірақ бала анасының тегіне жазылған.
Өз баласын өлтірді деген күдікпен ұсталған қазақстандық әйел Алла Волченко мен өзбекстандық Эмиль Гильмутдиновтың ісі қаралып жатыр.
Айта кетейік, екі баланың денесі жалдамалы пәтердегі тоңазытқыштан табылды. Ер адам егіз балалардың әкесі екенін айтты. Баланың ата-анасы ертесі күні ұсталды. Олардың тірі қалған тағы бір баласы бары белгілі болды. Ата-анасы егіз балаларын өлтірген күні үлкен баласын көшеге тастап кеткен.
Күдіктілер егіз сәбилердің жылап мазасын алғаны үшін өлтіргенін айтқан.
Тағы да оқыңыз:
Бекболат Тілеухан бас прокурордың шешендігіне қайран қалды
Синоптиктер биыл қыстың ерте түсетінін айтты
Жамбыл облысында алып қашып кеткен қалыңдық үшін атыс болды
Елімізде пара алып, тергеуді бұрмалаған жиырмадан астам прокурор істі болып жатыр