Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы атыстан қаза тапқан полицейдің отбасына тиісті көмек берілмеген

Алматыда болған атыстан қаза тапқан полицейдің жары көмексіз қалды. Мейрамбек Рахматуллаевтың жесірі билік уәде берген 5 миллион теңгені толық бермегенін айтады.

Screenshot_4

Бұл уралы 31 арна хабарлайды.

Оның күйеуі үйленген соң бір аптадан кейін қаза тапты. Артында қалған әйелі қазір жүкті.

«Шымкент әкімдігіне хабарласуларыңызды сұраймыз. Олар 5 миллион теңге аудару керек болған. БАҚ өкілдері бізге 5 млн теңге берілді деп хабарлады. Бірақ біз ол ақшаны алған жоқпыз. Халықты алдағандарын қойсын. Қалған екі 2 млн теңгесі қайда?»

Жары Әйгерімнің айтуынша, отбасына 15 млн теңге Алматыдан аударған.

«Қазығұрт – ОҚО аумағына кіреді. Әкімдіктің бастамасымен 3 млн теңге жинап бердік. Қалған екі млн теңге ақшаны жинамақ болғанда, олар баспана сұрады. Алайда олардың Шымкентте де Алматыда да тіркеуде тұрмаған соң, бұл мәселені шеше алмадық. Сондықтан шамамыз келгенше жалпылай 18 миллион теңге бердік», – дейді ОҚО әкімінің орынбасары Жақып Бөкенбаев.

Полицейдің жары пәтерді Ааматыдан сұрап отыр.Ол қазір ОҚО-да қайын жұртымен тұрып жатыр. Тағы бір қаза тапқан полицей Серік Әбілдаевтың жары да тиісті көмекті алмаған. Оған пәтер беріледі делінгенмен әлі хабарсыз. Ол қазір үш баланы асырап отыр.

Бұған дейін атыста қаза тапқандардың аналары Күлекбаевқа ату жазасын талап етіп жатқаныРуслан Күлекбаевтың көпшілікке беймәлім қырлары туралы да ақпарат жарияланған еді. Еске сала кетсек, 18 шілде күні Алмалы аудандық полиция басқармасына, сосын ҰҚК департаментіғимаратына шабуыл жасалды. Нәтижесінде 6 адам қаза тауып (үш полицей, бір шекара қызметкері және бір бейбіт тұрғын), 8 адам зардап шекті. Билік аталған оқиғаға теракт деп баға берді. Ал ұсталған күдікті бұрын сотталған 26 жастағы Қызылорда облысының тумасы екен.

Талқылау