Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы ардагерлер үйінде 6 ақсақал мен әже отау құрған

Жасы жетіп, кәрілік келсе де отбасын құрып, жартысын тапқан жандар қалада көбейіп келеді. Алматыдағы ардагерлер үйінде қазір отау құрған алты отбасы бар.

1351713_0

Бұл туралы Алматы арнасы хабарлайды.

Қартайғанда қараусыз қалып, мемлекеттің қамқорлығына келген жерінен жартысын тауып, жанұя құрмақ болған жандар әлеуметтік орталықта әлі де көп.

Қартайғанда қайта шаңырақ құрған апаның бірі – Күлбаран әжей. Жасы 77-ге келген әжейдің жесір қалғанына 20 жылдан асыпты. Өз құрсағынан ұрпақ сүю бұйырмаса да, өзгенің бір ұл, екі қызын асырап, адам қылған. Бірақ бертін балалары бетімен кетіп, бағусыз қалған қарт осындағы орталықтан пана тапқан. Қазақтың ою-өрнегінен сан түрлі бұйым жасайтын қамкөңіл жан  осы орталықтағы ақсақалмен жуырда қайта шаңырақ көтерген.

«Бала шағам жоқ. Балам болса келем бе осында? Қызым болса, сен сияқты ұлым болса нем бар?! Үйде сол бала-шағамның шәйін қайнатып отырмаймын ба?  Шалым бар. Айтып отырмын ғой, шайды беріп-беріп, осындағы қаланың бір ең жақсы шалын иемденіп алдым» – деді Күлбаран Шәкенова.

Орталық ішінен оңаша отау тігіп, қартайғанда қауқылдасып, қалған ғұмырын бірге өткізбек болған бұндай қариялардың алты отбасы бар осында. Отбасын құрмақ ниетпен жүрген жандар  әлі де аз емес  дейді осындағы күтушілер.

«Бәрі өмір ғой. Жалғыз отырғанша екі адам сөйлескен жақсы ғой. Бір – бірімізбен әнгімелесіп осылай. Қоқайып отырғанна екі адам бір-бірін тапқан жақсы деп ойлаймын», – деді Мұқаш Садықов.

Ардагерлер үйі қазір әлеуметтік қызмет көрсеу орталығы болып өзгертілген. Қазір бұл жерде қамқорлыққа алынған 290 адам  өмір сүріп жатыр. Тағдырдың түрлі тауқыметін тартып, орталықтан пана тапқан  тұрғындарының тұрмысы демалыс орнынан еш кем емес. Төрт уақыт тамақ, интернет қосылған кітапхана, жаттығу залы, серуендеп, демалатын үш бірдей қысқы бақ бар. Қамқорлыққа алынған адамдардың күтімін 150-ге жуық қызметкер жасайды.

Мемлекеттен бөлінетін қаржының сыртында басшылар түрлі қайырымдылық ұйымдарымен меморандумға отырған. Тәулік бойы бақылайтын дәрігерлердің сыртында стомотолог, тегін кеңес беретін заңгерлер тағы бар. Ал мемлекеттің күтіміне разы қариялар универсиада қонақтарына арнап Алматының символы болған апорт тәріздес кәде силар жасап жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

Қаскелеңде баласынан айырылған ата-ана тергеушілерге ашулы

Айгүл Мүкей Шымкентте Серік Ибрагимовтің әніне шыр айналып биледі (видео)

Майлыбаевпен бірге ұсталған шенеунік бір ай бұрын ғана “Құрмет” орденін алған

Талқылау