Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жыл соңына дейін аялдамаларда электронды таблолар орнатылады

Алматы қаласындағы аялдамаларда қоғамдық көлік қозғалысының кестесін көрсететін электронды таблолар жыл соңына дейін орнатылады. Бұл туралы қалалық әкімдіктегілер айтты, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Алматыда жыл соңына дейін аялдамаларда электронды таблолар орнатылады

Белгілі болғандай, алғашқы электронды табло Тимирязев көшесі бойындағы BRT желісінде орнатылады.

«Әкімдік аялдамаларға цифрлы таблолар орнатуға қарсы емес. Мұнда оларды қала бюджетінен тыс қаржы есебінен орнату туралы айтылды. Алғашқы табло Тимирязев көшесі бойындағы BRT желісінде жыл соңына дейін пайда болады. Бұл істі Көлік холдингі өз мойнына алып отыр. Мегаполис әкімінің тапсырмасына орай біз бұл істі бюджеттен тыс қаржы есебінен орындаймыз және қаланың ірі тораптық аялдамаларын цифрлы таблолармен қамтамасыз етеміз», – дейді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Талғат Хосчанов.

Өз сөзінде Хосчанов қала тұрғындарының 200 мыңнан астамы көлік қозғалысын білу үшін «Оңай» қосымшасын қоланатынын айтты. Ал 360 мыңы CityBus қосымшасын пайдаланады.

Сонымен қатар биылғы жылдың аяғына дейін шаһардағы жаңа қоғамдық көліктің үлесі 87 пайызға жетеді. Өткен аптада тағы екі жүз су жаңа автобус әкелінген.

«Ескі әрі түтін шығаратын автобустар қалада жүруі тиіс емес. Егер көрсетілген қолдауға қарамастан жеке тасымалдаушы жылжымалы составты жаңаламаса, онда олармен келісім бұзылады. Жаңа технологияларды енгізіп, болашақта бір көліктен екіншісіне тегін ауысуды қарастырған жөн. Жолаушылардың көлік жұмысына қанағаттануы – тасымалдаудың басты критерийі. Жеке көлікті қазіргі деңгейде ұстап тұру үшін лайықты балама ұсыну қажет», – дейді жаңа автобустардың тұсаукесерінде Бауыржан Байбек.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау