Алматыда бойжеткен өзін тонап, соңынан зорлап кеткен таксисті кешіре салды
Таксиде талып қалған қызды зорлаған жүргізуші 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда сот айыпталушы Айдос Айдарұлын кәмелеттік жасқа толмаған екі баласының бар екенін ескере келе, әрі өз кінәсін мойындап, қызға моральдық шығынды өтеп беруіне байланысты шартты түрде бас бостандығынан айырды.
Фото: Аида Айсарованың Фейсбуктегі паракшасынан алынды
Бұл туралы Евразия бірінші арнасы хабарлайды.
Сонымен қатар адам тонау бабы бойынша жәбірленушімен ымыраға келуіне байланысты қылмыстық іс тоқтатылды. Естеріңізге сала кетсек 11 шілде күні Аида Айсарова таксиге отырып, үйіне бет алған. Әкесінің қайтыс болуына орай қатты қайғырған бойжеткен көліктің ішінде талып қалған. Жүргізуші алдымен оның қалтасындағы ақшасын ұрлап, артынша зорлаған. Өз өзіне келген Аида бірден полиция бөліміне шағым түсірген.
«Біз онымен келісеміз. Неге десеңіз ол сот барысында мойындады зорлағанын. Кешірім сұрады бірнеше рет. Өзінің келтірген материалдық, моральдық келтірген шығынын мойындап, өтеді» — Аида Айсарованың қорғаушысы Айман Омарова.
Жіберіп алмаңыз:
Астанада мүгедек балалардың анасы Исекешевтің орынбасарынан дөрекі сөз естіп жылап қайтқан
Мемлекеттік нөмерсіз жүрген көлікті тоқтатқаны үшін жол сақшылары бастықтарынан сөз естіді
Астанада Бас прокуратураның алдында өзін өртеген әйел өлім аузында жатыр
Ресейде жастар мектеп бассейнінде эротикалық кеш өткізді (видео)