Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жігіт букмекерлік кеңседен 14 млн теңгесін ала алмай соттасып жатыр

Алматыда «Олимп» букмекерлік кеңсесі мен оның клиентінің арасында жанжал туды. Қазіргі уақытта Әуезов аудандық сотында сот ісі жүріп жатыр.

Олимп-040217

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Ер адам 14 миллион теңге көлемінде ақша ұтып алған. Бұл ретте ол ақшаны төлеуден бас тартып отырған букмекерлік кеңсемен соттасып жатыр.

“Олимп” кеңсесінің пайымдауынша, грознендік “Терек” екатеринбургтік «Орал» командасын алдын ала келісім бойынша жеңген. Сол себепті кеңсе ақшаны төлеуден бас тартып отыр.

Алайда Ресей футбол одағының тергеу амалдары (ресейлік БАҚ-қа сүйенсек) ешқандай келісім болмағанын көрсетті. Алайда Қазақстанда өтіп жатқан сот процессі өз шешімін табар емес. Бастысы күмән туған жағдайда букмекерлік кеңсе ақшаны төлеуден бас тарта ала ма, жоқ па – соны анықтау қажет.

Оқиға 2016 жылдың 30 қазанында басталған. Бұл күні ресейлік премьер-лига командалары “Орал” мен “Терек” ойнады. Шешендер клубы алаң иелерін 4:1 есебімен жеңді. Бұл ретте есептің өзі емес, спорт блогерларының бұғантанытқан реакциясы шуға себеп болып отыр.

Танымал ресейлік комментатор Василий Уткин: «Жексенбі күні Орал-Терек арасында өткен матч алдын ала келісіліп қойған деп ойлаймын. Келісілген матчтар туралы бар білетінім осы ойыннан аңғарылды»,- деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Одан кейін автор спорттық күрестің болмағанын, сондай-ақ, букмекерлік кеңсе бағаның аз белгіленуін атап өткен.

Бұл уақытта Алматыда нағыз драма орын алды. «Олимп» букмекерлік кеңсесінің тұрақты клиенті «Теректің» жеңісіне бір күн қалғанда 5 миллион, 850 мың теңге ақша тіккен. Ақырында өзі ұтып алған 14 миллион теңгені ала алмайтынын білген. Алкеңсе өкілдері оған тіккен ақшасын қайтарып беріп, матчтың алдын ала келісілген болуы мүмкін екенін айтқан.

Ал өкпелі клиент ақырында сотқа барып арызданды.

Сот ісі әлі жалғасуда. Оның шешімі шамамен келесі аптада айтылады деп күтілуде.

Жіберіп алмаңыз:

Журналистер көшеде ақша таратқан жігітті тапты

«Қара сөздер» айналасында шу шықты. Абайды кеңестік насихат үшін айыптады

Шымкент жастары студентті ұрып ит пен малдың кейпіне енуді бұйырған (видео)

Алтыншы баласын босанғалы отырған алматылық келіншекті үй иесі пәтерден қуып жатыр

 

Талқылау